Тарих. Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы. Кенесары хандығы.
Мақсаты: 1. Кенесары Қасымұлының өмірі, қызметі, ерлігі,
тарихта алатын орны мен Кенесары құрған хандықтың қазақ тарихында қалтырған
ізімен таныстыру;
2. Топ ішінде бір- біріне ықпал ете отырып жаңа білімді
өз беттерімен меңгеру дағдыларын дамыту,
алған біліміне қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту, шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
3. Кенесары Қасымұлының өмірі мен қайраткерлігін үлгі
ету, еліміздің біртуар перзентіне деген зор құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату;
Сабақты өткізу түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: топтық, ұжымдық
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал- жабдықтар: презентация, бағалау парақтары, топқа бөлу сөздері,
жапырақ стикерлері , жалған мәліметі бар мәтіндер, суреттер, желім, А-3, маркерлер, түрлі- түсті
қағаздар, ноутбук, сұрақтары бар кубик, бәйтерек ағашы салынған ватман, топ
ережесі жазылған ватман, сандықша;
Сабаққа кіріктірілетін модульдер: СТО, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; талантты және дарынды балаларды оқыту;
Қолданылатын стратегиялар: «Жалған мәлімет», «Жигсо», «Түртіп алу», «Бас бармақ», «Кубизм»;
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту:
Ø Сәлемдесу (1мин.)
Ø Жағымды ахуал орнату: бет- әлпеттерімен көңіл күйлерін
көрсету;(1мин.)
(бағалау
парақтарын мұғалім таратады)
Ø Топтарға бөліну: «Отан үшін отқа түс күймейсің» (бес
сөзді балалар таңдап алу арқылы бес топ құрады);(2мин.)
Ø Үй тапсырмасын тексеру: «Жалған мәлімет» стратегиясын
пайдалану: (бес топқа мәтіні бар әр түрлі парақтар таратылады, оқушылар
мәтіндегі жалған мәліметті тауып алып дұрысын ұсынады)(5мин.)
Ø Екі оқушы өткен сабақта білгендерін қорытындылайды;(1мин.)
ІІ. Мағынаны
тану:
Ø Мұғалім сабақтың тақырыбан айтады, мақсатын балаларға
айқындатады, сабақ жоспары тақтада шығады;(2мин.)
«Жигсо»
стратегиясы:
1-
топ: «Кенесары Қасымұлы-
қазақ хандығының соңғы ханы» (коллаж құру)
2-
топ: «Қазақ хандығының қалпына келтірілуі» (модель
қорғау)
3-
топ: «Ханның алым-
салық және сауда- саттық саясаты» (презентация құрып қорғау)
4-
топ: «Хандықта
қарулы күштердің құрылуы»
( синквейн құру)
5-
топ: «Патша
үкіметінің жазалау шаралары» (постер құру)(7мин.)
(Оқушылар тапсырмаларын орындап қорғайды, тыңдап отырған
топтар «түртіп алу » стратегиясының негізінде негізгі мәліметтері жазып алып
отырады, «бас бармақ» стратегиясы бойынша
топтардың бір- бірін формативті бағалауы жүзеге асады)(12 мин.)
ІІІ. Ой толғаныс:
1-
тапсырма: «Кубизм»
стратегиясы негізінде топтар бір- біріне сұрақтар қояды(5мин.)
2-
тапсырма:
Оқушылардың алдындағы жапырақ стиккерлерді пайдаланып тақырыптың қорытындысы
ретінде бәйтерек ағашын әсемдеу(2мин.)
3-
тапсырма: топқа
бөліну мағынасын ашу:
«Отан үшін отқа
түс күймейсің»- мақалдың мәнін ашу.(1мин.)
Ø
Бағалау: топ
мүшелерін топ басшысы, топ басшысын топ мүшелері бағалап түсініктеме
береді;(1мин.)
Ø
Үй жұмысы: §20-21 мазмұндау,
эссе жазу тақырыбы: "Хан Кене”
Ø
Рефлексия: (2мин.)
«Бүгінгі сабақта саған не қиын болды?»
«Бүгінгі сабақта саған ұнағаны...»
«Бүгінгі сабақта ең маңыздысы не болды деп ойлайсың?»
«Бұл сабақтан қандай әсер алдың?»
«Бұл сабақта алған мәліметтерді қай жерде пайдалана
аласың?
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.