1,2 түзету сыныбы. Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»
Мақсаты:
1.
Балаларға ғарыш туралы түсіндіру, алғашқы
ғарышкерлер туралы мәліметтер беру.
2. Тыныс алуды , артикуляциялық қимыл – қозғалысты
жаттығулар арқылы жетілдіру , ұсақ және жалпы моториканы құрастыру және саусақ
бояулар арқылы жетілдіру . Қиялдау арқылы ойлауын дамыту. Деңгейлі тапсырмалар
арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Дыбыстық тапсырмалар арқылы фонематикалық
естуін жетілдіру.
3.
Алғашқы
ғарышкерлеріміз туралы түсіндіріп Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекіліктері: сенсорлық бөлме,
зымыранның макеті, топтамалар,
пішінді текшелер, түрлі түсті саусақ бояулары, музыка.
Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі: (сенсорлық бөлмеге кіргізіп, сабаққа даярлау)
2.
Жаңа сабақ:
-
Балалар, біз бүгін
ғарышқа саяхат жасаймыз. Бірақ ғарышкерлердің бірнеше міндеттері бар екен. Егер
сол міндеттерді орындасақ біз ғарышта боламыз.
3.
Тыныс алу және артикуляциялық жаттығу.
-
Алдымен ғарышқа
ұшар алдында біз терең тыныс алу керекпіз.
-
Ал айтындаршы
ғарышқа немен ұшады? Зымыранмен
-
Ал ендеше қолдарына
зымыранды алып, ғарышқа бірге ұшайық.
1-
Жақын ұшады.
2-
Алыс ұшады.
-
Міне біз ғарышқа да
келдік. (сенсорлы бөлме қосылады)
-
Сендер қалай
ойлайсыңдар, ғарышкерлер қалай су ішеді – «түтікше», тамақтанады – «астыңғы
жақты қозғау»? Тағамдары қандай дәмді екен! – «тәтті тосап». Ал олар қалай қуанады? – «жымию»(айнаға қарап
жаттығуларды орындау)
-
Ал енді сендер
нағыз ғарышкерсіңдер? Сендер ғарышта зымыранмен
ұшып бара жатсыңдар. ал зымыранды
сырттарынан қарасаңдар ол неге ұқсайды? Оны қалай жасар едіңдер? (қолдарын
жоғары көтеру- зымыран бейнесін жасау)
-
Ал енді жан –
жақтарыңа қараңдар? Не көріп тұрсыңдар аспанда?
Ай, жұлдыздар және күн.
-
Олар сендерге
тапсырмалар дайындап қойыпты, соларды орындап көрейік.
-
1- жұлдыз: Алғашқы
ғарышкерді ата.
-
2- ай: жер бетінде қандай жыл мезгілі? Сипаттап бер.
-
3-күн: күннің түсі
мен пішіні қандай?
«Сиқырлы әріптер мен пішіндер»
-
Сендер енді тағы
тапсырманы орындап көріндер.
-
Анель мына сиқырлы
әріптерден «ғарышкер » деген сөзді жазады
-
Дамир мен Зульфия
сиқырлы пішіндерде зымыранды құрастырады.
Фонематикалық ойын.
-
Осымен ғарышқа
саяхатымыз аяқталды. Біз жерге оралдық.
Жер бетінде әр түрлі дыбыстар шығып жатыр гой. Олар ненің дыбыстары
екен? Ендеше балалар(дефектологпен бірге) сол дыбыстарды мына саусақ бояулармен
бейнелеп көрейік.
-
Мұқият дыбыстарды
тыңдаймыз.
-
Мынау ненің дыбысы?
(әтеш )
-
Субояқпен салады.
-
Мынау ненің дыбысы?
(күшік)
-
Субояқпен салады.
-
Мынау ненің дыбысы?
(мысық)
-
Субояқпен салады.
-Балалар,кім
айтады?Бұл қандай жануарлар екен?
-Ия,үй жануарлары.
- Ал осылардың
қайсысы ғарышқа үшты?
- Әтеш қалай ұшады?
- Жарайсындар
балалар, бүгінгі ғарышқа саяхатымыз
сәтті өткен сияқты.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.