КОЗ казахский язык 1-4 класс
Компетентностно – ориентированные задания
по предметам
Казахский язык
1 класс
Сауат ашу пәнін оқытудың мақсаты – оқу,жазу
дағдыларын,білім алушылардың қарым-қатынас әрекетімен кіріктіру арқылы алынған
білімді өмір жағдайына қолдана білуге үйрету.
Осы мақсат төмендегі
міндеттер арқылы жүзеге асырылады:
-
білім алушы бойында адами құндылықтарды:
-
қайырымдылықты,сүйіспеншілікті,елжандылықты,
имандылықты дамыту
-
6 жастағы білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру
-
білім алушының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу
кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру
-
қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу
-
түсініп оқу және жазу үрдісіне дұрыс,бейнелі,мазмұнды
сөйлеуге қызығушылығын қалыптастыру
Құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар
1 сынып
Әліппеге дейінгі кезең «Негешке көмектесейік».
Мұғалім: «Маған мектепке кіре берісте кезекші
мұғалім мына конвертті ұсынды.Кімге және кімнен келді екен?Конверт сыртында
біздің мектептің және сыныптың мекен-жайы жазылған.Хат Негештен келіпті.
Негеш
–сендер сияқты кішкентай бала.Ол көңілді,мейірімді,
білім құмар.Негеш
үнемі«Кім?не?қайда?неге?сұрақтарын
көп
қояды.Сол себепті оны Негеш деп атайды.Мүмкін ол бізден де бірдеңе білгісі
келетін шығар.Кәне,хатты оқып көрелік.
«Балалар,мен тұратын жерге қыс түспейді.Менің қыс
мезгілі туралы білгім келеді.Қыс туралы әңгімелеп беріңдерші»..
Сендердің Негешке көмектескілерің келе ме?Олай
болса алдарыңа Негешке көмектесейік деген мақсат қойыңдар.
Мақсатты іске асыру үшін төмендегі сұрақтарға
жауап беріңдер:
-Қыс дегеніміз не?Ол қай айдан басталады және
қанша айға созылады?Қыста аңдар мен құстар қайда тіршілік етеді?-Қыстап
Қалған аңдарға қандай қамқорлық
көрсетесіңдер?-Адамдар қысқа қандай дайындық жұмыстарын жүргізеді?
-Қыста қандай ойын түрлерін ойнайсыңдар?Берген
жауабыңнан қорытынды жаса.Сен жауабыңмен Негешке көмектесе алдың ба?
«Кім ән айта алады?»
Дыбыстар жиыны болды.Үзілісте ән айтып,сергіп
қалғысы келген бір дыбыс «Ән айтайықшы!»-деген ұсыныс жасады.»Біз ән айта
алмаймыз»-деп сыбырлады бір топ дыбыстар.»Біз ән айтуға қосыламыз!»деп мөңірей
жөнелді келесі дыбыс тобы.
Ізденуді ұйымдастыр.Қандай дыбыстарды әндетіп айтуға болады?Қай дыбыстар
әндетіп айтуға келмейді?Қай дыбыстарды айтқан кезде ауа кедергісіз өтеді және
оған не ерін,не тіс,не тіл кедергі келтірмейді.Қорытынды жаса.Қай дыбыстар
дауысты,қай дыбыстар дауыссыз деп аталады?Неге олай аталады?
«Заттар көрмесін ұйымдастырайық»
.Сәуленің ойыншықтары өте көп.Қуыршақ дейсің
бе,түйе,қоян,кереует дейсің бе,не керектің бәрі бар.Тек шашылады да жатады.
Бүгін інісінің туған күні.Сәуле інісіне арнап заттар көрмесін
ұйымдастырмақшы болды.Бірақ әр түрлі формадағы,әр түрлі материалдан жасалған
заттарды қалай топтастырып орналастыруға болатынына шамасы жетпеді.Сәулеге
көмектескілерің келе ме?Көрменің неше бөлімнен және қандай бөлімнен тұрғанын
қалар едіңдер?Көрменің әр бөліміне ат қой.
«Жалқаубекке
көмектесейік»
Балалар, үлкен бір қалада тұратын Жалқаубек деген бала сабаққа барғысы келмейді екен. Ол
үйінде жатып алып теледидар, компьютер ойнайды екен.Ол баланың анасы сендерден
көмек сұрап хат жазыпты. Сендер қалай ойлайсыңдар Жалқаубектің осы қылығы дұрыс па? Неге дұрыс
емес? Оқу не үшін керек? Жалқаубекке қандай ақыл айтасыңдар?
«Көмектес»
Оқушылар бүгін бізге Айгүл деген оқушыдан хат
келіпті. Ол хатта былай деп жазылған:«Мен өз дыбыстарыма арнап «дыбыстар
үйшігі» деп
аталатын үй жасаған болатынмын.Сол үйдің ішіндегі дауысты дыбыстар жоқ.» Енді
осы Айгүлге көмектеселік. Ол қандай дауысты дыбыстар?
«Сиқырлы
көзілдірік»
«Сіздердің алдарыңызда сиқырлы көзілдіріктер.Бұл көзілдіріктер-
дің шынысы дөңгелек,төртбұрышты және
үшбұрышты.Дөңгелек көзілдіріктің сиқырлығы одан тек қана дөңгелек заттар
көрінеді».
Төртбұрышты көзілдіріктің сиқырлығы одан тек қана төртбұрышты
заттар ғана көрінеді..Үшбұрышты көзілдіріктің сиқырлығы одан тек қана
үшбұрышты заттар ғана көрінеді.Айнаш сенің көзілдірігің
дөңгелек екен,сен не көріп тұрсың?
(алма,доп,өрік,шар .т.б
Әліппе кезеңі
«Буынға әріп қос».
«Ай» және
«су»буындары айрылмастай дос болды.Бір күні «ай» дауссыздарға қосылып,бірнеше
сөзге айналып кетті.Қалай ойлайсыңдар,бұлар қандай дауыссыздар мен дауыстылар?
«Көмекке кел».
Айдос дауысты және дауыссыз дыбыстарға арнап
қағаздан екі үй жасады.Дауыстыларды бірінші үйге, дауыссыздарды екінші үйге
орналастырды.Ол с,ж,н,а,з дыбыстарының адасып жүргенін байқады.Айдос
дыбыстардың өз үйлеріне оралуына көмектесті.
Ал дыбыстар Айдосқа осы дыбыстардан құрастырылған
сөздерді сыйлады.қалай ойлайсыңдар бұл қандай сөздер?
«Жоғалған әріп».
Марғұлан портфелін ашып жатып,ойламаған жағдайға
тап болды:сөмкесіндегі оқу құралдарының бірінші әрпі
түсіп қапты.Бірінші әрпінен айрылған бұл құралдар
қатты қобалжуда.Марғұлан бірінші әріпсіз бұларды қалай пайдаланады?Табуға
көмекке кел.оны сөзбен жаз: …ағаз, ..арындаш,..әптер т.б.
«Белсенді
әріптер»
«Балалар мен кітапханаға барсам,әріптер жүгіріп жүр екен.Қайда
барасыңдар?деген сұрақ қойдым.А әрпі Астанадағы атасына баратынын айтты,ал С
әрпі сүйкімді сиырдың суретін салатынын айтты,ал
Ж әрпі жасыл жапырақтарды жинайтынын
қуанышпен айтып жүгіріп кетті.Ал кітапханадағы
Т,Ә,Б,Қ,О,Г әріптері қайда баратынын
білмей отыр екен.Мен оларды сыныпқа алып келдім.Енді оларды қайда апарар едің?
Ойланып көмектесіп көрейік!
«Ойлан,тап!»
«Ай» немесе «гүл» буындарын пайдаланып,5 қыз баланың есімдерін жаз.
«Көмекке
кел».
Болат дауысты және дауыссыз дыбыстарға арнап қағаздан екі үй
жасады.Дауыстыларды- түсі қызыл үйге, дауыссыздарды- түсі көк үйге орналастырды.Ол
т,а,х,р,е,м дыбыстарының адасып жүргенін байқады.Болат дыбыстардың өз үйлеріне
оралуына көмектесті.Ал дыбыстар Болатқа осы дыбыстардан құрастырылған сөзді
сыйлады.Қалай ойлайсыңдар,бұл қандай сөз?
«Жоғалған
әріп».
Санжар портфелін ашып.ойламаған жағдайға тап болды:портфеліндегі оқу
құралдарының соңғы әрпі түсіп қалыпты.соңғы әпрінен айырылған бұл құралдар
қатты қобалжуда.Санжар соңғы әріпсіз бұларды қалай пайдаланады? Көмекке кел.Оны
сөзбен жаз: қала..., дәпте..., қүнделі..., оқулы..., сызғы..., өшіргі....
Әліппеден кейінгі кезең
«Ойлан тап».
Сәуле жолда келе жатып,сөмкесіндегі құрастырған
әңгімесін түсіріп алды.Тек Аяз ата,шырша,сыйлық сөздері ғана сөмке түбінде
қалады.Сәуленің құрастырған әңгімесінің қанша сөйлемнен,әрбір сөйлемінің қанша
сөзден тұратындығын болжаммен айтып көр.Осы міндетті шешуде қандай сөздер саған
қажет болды.Мәтінді қалпына келтіру үшін
Сәулемен әңгімелес.Өз әрекетіңді
бағала:жоғарыдағылардың қайсысын қалпына келтіруге мүмкіндігің болды?
«Әдеп
сөздері».
Ертеңгі сабағын орындап болған Әлібек досымен
киноға баруға жиналды.Жұмыстағы анасына бұл жайды
ескертпек боп,телефон шалды.Телефонды ер адам
алып,жөн сұрасқаннан кейін анасын телефонға шақырды.
Сөйлеудің бұл түрінде амандасу,кешірім сұрау,алғыс айту,қоштасудың
қандай сөздері қолданылды деп ойлайсың?
Қасыңдағы әріптесіңмен сөйлеудің осы түрін іске
асыр.
«Кім
тапқыр?»
Жандос деген бала үйге берілген тапсырманы орындап
отыр. Тапсырмасы: «мектеп туралы сөйлем құра.» Ол оқушы мынадай сөйлемдер
жазды: Мектепте оқиды. Сабақ береді. Партада отырады. Осы жазылған сөйлемдер
дұрыс па? Қандай сөздер жазылмаған?Жандостың үй тапсырмасын орындауға көмектеселік?
«Адасқан
сөйлемдер»
«Мәтін» елінде сөйлемдер өмір сүріпті.Бір күні олар өздерінің қандай сөйлем
екенін ұмытып қалып, үйлерін таба алмай адасып қалыпты.Балалар, сендер оларға
көмектесе аласыңдар ма ?Сөйлем түрлерін білесіңдер ме ?Мына сөйлемдердің үйі
қайсысы,неге олай деп ойлайсыңдар ?
Қайрат далаға шықты
-Сенің атың кім
-Менің атым Самат
-Екеуіміз дос болайық, бірге ойнайық, келісесің бе
-Алақай, мен өзіме дос таптым
-Досың болған қандай тамаша
«Буындар
сыйлығы»
Бір күні бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар әкеліп беріпті.Әр баланың
сыйлығының саны әртүрлі.Мысалы , Ұлан 2 сыйлық алды, Сақыпжамал 4 сыйлық алды,
Қуаныш 3 сыйлық алыпты.Балалар алдымен олай ойлап, былай ойлап түсіне
алмапты,неге сыйлықтар былай әртүрлі бөлінгенін. Ақырында мұның сырын
тауыпты.Ал ,балалар сендер мұның себебін түсіндіңдерме ?
Сөзде неше буын болады,неліктен ?Бұл жөнінде не айта
аласыңдар ?
«Тасымал»
Бірде сөздер саяхатқа шығыпты. Серуендеп келе жатса алдарында өзен
кездеседі. Олар өзеннің арғы бетіне өтпекші болып теңізшіге келеді.Теңізші
«тауық», «қоңыз», «дала», «кітапхана» сөздерін қайығына мінгізіп, ал , «әуен»,
«оян», «илеу», «қою», «ұя» сөздерін мінгізбеді.Қалай ойлайсыңдар, неге оларды мінгізбеді
? Тасымал туралы не біліп, не айта аласыңдар ?
«Сиқырлы сандық»
Сабақты аяқталмаған оқиғаны баяндаудан бастауға болады.
«Сен бір күні саябақта серуендеп жүріп ағаштардың
арасында жатқан өзгеше бір сандықтың үстінен түстің.Оның сиқырлы сандық екенін
түсіндің.Сандықты ашып қалғанда сен
тамаша
бір ...... көрдің ....»
І топ оқушылары сиқырлы
сандықтың ішінде не көргенін
жазып береді.
ІІ топ оқушылары сиқырлы
сандықтың ішінде не көргенін
сурет арқылы білдіреді және сол туралы әр оқушы әңгімелеп береді.
«Мен
ойлаған ертегі»
«Аспанмен тілдескен биік тауда қалың қар.Осында тау барысы өмір
сүреді,көктем келе мұнда ғажайып кереметтер болады.. Балалар осы ертегіде
қандай кереметтердің болғанын қалар едіңдер?
Қане,ойланып көрейік.
«Ақылды заттар дүкені»
«Дарын бүгін дүкенге барды.Бұл дүкендегі барлық
заттар сөйлей
алады екен.Мен өзіме ұнаған затты сатып алдым.Ол маған былай деді: мен
Ресейден келдім,мені алғаш камазбен әкелді,сосын вагонға тиеді,сосын машинамен
дүкенге алып келді,мен қайдамын деп сұрағанда «Қазақстан»елі деді.Сатушы біздің
нешеу екенімізді санады,сыртымызға бағасын жазды,сосын сен сияқты дүкенге
келген адамдар сатып алды.Менің құрамымда жалбыз иісі қосылған хош
иістімін.Енді мені пайдалансаң тап-таза болып шыға келесің. Дарын не сатып алды
деп ойлайсың?Ал сенің қандай зат сатып
алғың келеді және онымен қалай сөйлесесің?
«Менің көңіл күйім
қандай?»
«Алдаркөсе үйіне келді.Үйіне келсе үш конверт жатыр екен.Біреуін оқып көргенде қуанды,екіншісін оқып көргенде ренжіді,ал үшіншісін оқып көргенде ойланып қалды.Конверттегі
жазулар мынадай екен.Қалай ойлайсыңдар мына суреттерге қарап жазуларды
ажыратуға бола ма?
«Алақай,ауылдан атам
келді!Әке,сіз мені кешіріңіз,мен бүгін екі алдым.Сен неге маған қонаққа
келмейсің?Айналайын,құлыным менің,сен бүгін барлық сабақтан бес алыпсың
ғой!Асан Қарлығаштың әдемі қаламын ұрлап алды.Демалысқа қашан
шығамыз?Алақай,тауға демалуға барамыз!
Тапсырмаға кіріспес бұрын
балалармен адамның көңіл-күйі туралы әңгімелескен жөн.Бізде барлық уақытта
бірдей көңіл-күй болуы мүмкін бе?Дәл қазір барлық адамдар (мысалы,біздің
сыныптың оқушылары) бірдей көңіл-күйде ме?Адамның көңіл-күйі неге
байланысты?Адамның түріне қарап оның дәл сол кездегі көңіл-күйі қандай екенін
білуге бола ма?Адам қуанышты болса оның түрі қандай болады?Бірдеңеге ренжігенде түрі қандай болады?Ашулы болса
ше?Ой үстінде жүрсе қандай болар еді?
4 класс
Қоршаған орта
пәнінен 4 сыныпқа арналған тапсырма
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.