Главное меню

  • К списку параграфов

§40. Климаты


1. Климаттыңқалыптасуы қандай факторларға байланысты екенін еске түсіріңдер. 

2. Жер бетінде ауа температурасының өзгеруіне не себеп болады? 

3. Таулар мен жазықтарда- ғы климаттық жағдайлардың қандай айырмашылықтары бар?

Солтүстік Америка солтүстік жартышарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары үқсас болып келеді. Ма­терик солтүстік жартышардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді (климаттық белдеулер картасын қараңдар).

Материктің климаттық жағдайы мынадай факторларға байланыс­ты: 1. Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; 2. Солтүстік полюске неғүрлым жақын орналасуы; 3. Оңтүстігіне қарай сүйірленуі; 4. Батысы биік таулы, ал шығысының аласа болуы; 5. Ен- дік бағыттағы таулардың болмауы.



Материктің еолтүстігіндегі мәңгі мүз қүрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалып- тасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүсті- гіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Осының нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысында­ты Атлант мүхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массала- рының әсерін шектеп отырады. Материктің баты- сында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мүхиттан келетін ауа массаларының қүр- лыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондық- тан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалып- тасатынтропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады (не себепті?).

Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары мате- риктің 

орталық бөлігіндегі жазықтарда өте қү- былмалы ауа райын қалыптастырады. Сондықтан күшті желдер мен қүйын тәрізді қозғалатын дау- ылдар - торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда бола- тын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жо- лында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үй- лерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен қүрғақшылық, топырақтың қүнарлы қабатын үшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мүхи- ты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мүхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар ураган жиі болыптүрады. «Ураган» майя тілінде «дауыл қүдайы» дегенді білдіреді.

Солтүстік Америка климатына басқа факторлардың (мүхит ағыстары, тау жоталарының бағыттары мен биіктіктері және т.б.) тигізетін әсерін талдап, нақты мысалдар келтіріңдер.

Солтүстік Американың климаты алуан түрлі.

Канаданың Арктикалық архипелагында, Гренлан- дияда цаңтардың орташа температурасы -40°С, ал материктің оңтүстігінде +20°С болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөлік- терінде +8°С-қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +30°С-тан асады.


Жауын-шашынныц
 жылдық мөлшері де әр- келкі. Материктің оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын-шашын көп түседі, солтүстікке және батысқа қарай жауын-шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік- батыс жағалауындағы тау беткейлерінде жауын- шашын мөлшері қайта артады. Оған батыс желде- рі ықпал етеді.

Материктегі климаттық көрсеткіштердің бел­деу бойынша таралуын төмендегі тапсырмалар бойынша өз беттеріңмен оқып үйренесіңдер.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1*. Материктің климаттық картасын пайдаланып, қаңтар мен шілде изотермалары- ның жүру бағыттары мен көрсеткіштерін, маусым бойынша желдердің басым бағыттарын, жылдық жауын- шашынның таралу мөлшерін анықтап, себептерін түсіндіріңдер. 

2*. Климаттық белдеулер картасын пайда­ланып, материктегі климаттық белдеулер мен олардағыклимат жағдайларын анықтаңдар; Нөтижелерін қысқаша дөптерлеріңе жазыңдар.

Оқулық мәтінінде берілген климаттық диаграммаларға қосымшада берілген жоспар бо­йынша талдау жасап, олардың ңандай белдеу мен климат жағдайына сәйкес келетінін анықтандар.