§39. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар ма- териктің 73 бөлігін алып жатыр. Материктің жазық жерлері ежел- гі Солтцстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мүз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мүхит деңгейі көтерілген кезде бүл бөлікте Канада- ның Арктикалыц архипелаги, Гудзоншыганагы мен бүғаздар жүйесі қалыптасты. Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майыс- қан, мүнда ойпаттар тараған. Платформаның негізін ңүрайтын крис- талды жыныстарГренландия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бе- тіне шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп аталады (қосарбеттегі «Жер қыртысының қүрылымы» картасын қараңдар). Бүл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған Орталыц жазыцқа, одан Миссисипи ойпатымен Мексика шығанағының жағалау жазықтарына үласады. Платформаның батыс бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейтін, кең алқапты Үлы жазық алып жатыр. Үлы жазық таудан басталатын өзен аңғарларымен күшті тілімденген. Антропоген дәуірінде материктің 40°с.е. дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше рет жаппай мүз басқандықтан (94, 69-суреттерді қараңдар), жер бедерінде мүздықтардың әрекетінен пайда болған үлкен жартастар, «қой маңдай» тастар, мүздықтар қазған қазаншүңқырлар көптеп кездеседі.
Ірі қазаншүңқырларды алып жатқан мцздық-тектоникалық көлдер жцйесі бір-бірімен қысқа өзендер жүйесімен жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мүздықтар өңдеп, тасымалдаған жыныс- тар - мореналармен жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділерден түзілген.
Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың Арктика- лық архипелагының солтүстігі мен Гренландияаралының шығысын- дағы жэне Аппалач таулары жатады.
Солтүстіктегі таулар мүздықтардың әсерінен өте күшті тілімден- ген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғарлары үзына бойы да, көлденеңінен де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биік- тігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте үқсас: тау беткейлері көл- беу, шыңдары күмбез тәрізді жүмыр болып келеді.
Материктің батыс бөлігін бойлай Жер шарындағы үзын тау жүйесі болып есептелетін Кордильера тау жцйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір-бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен түрады. Мүндағы үшкір шыңдар тізбегі- нен түратын тау жоталары съерралардеп аталады. «Сьерра» испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Сьерра-Невада, Сьерра-Мадре жоталарындағы қатар тізіле орналасқан шыңдар ара тістеріне үқсайды. Кейбір тау тізбектерінің аралығын өте көлемді, кең алапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр (оларды физикалық картадан табыңдар).
Бүл таулар асқақтығымен, шетсіз-шексіз алыптығымен, таби- ғатының көздің жауын алатын әдемілігімен таңғалдырады. Өте терең тау аралық ойыстар мен каньондар (аса терең шатқалдар) асқар шың- дар, алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан түзілген Йеллоустон цстірті орналасқан. Мүнда 3000-нан астам гейзерлер мен ыстық бүлақтар бар.
Солтүстік Американың ең биік нүктесі (Мак-Кинли, 6193 м) оның солтүстігінде орналасқан, мүндағы тауларды қалың мүз басып жатыр. Мүздықтардың кейбіреулері тау етектеріне дейін төмендеп, теңіз жағалауларына тіреледі.
Кордильера екі литосфералық плитаның (олар қандай плиталар?) түйіскен жерінде түзілген тау жүйесі болғандықтан жер қыртысында көптеген терең жарылыстар пайда болған. Олардыңбойында сөнбеген жанартаулар (қандай?) тізбегі орналасып, күшті жер сілкінулер жиі байқалады. Бұл апатты оқиғалар адамдар өміріне қауіп төндіріп, көп қайғы- қасірет әкеледі. Мысалы, 1985жылы Мехико қаласында болған жер сілкінудің нәтижесінде 4 мың адам қаза тауып, 13 мыңнан астам адам баспанасыз қалған.
Пайдалы цазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың (темір, мыс, никель және т.б.) кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Үлы жазықтың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мцнай мен газ, тас көмір көп. Аппалач пен оның тау бөктерлерінде темір мен тас көмірдің бай кен орындары бар. Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мүнай, газ, тас көмірмен қатар, магмалық жолмен түзілген тцсті металдарга, алтын мен уранга бай болып келеді. XIX ғасырдаКордильера қойнауынан өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстың пен шөлге шыдамай қаза болған, жер кейіннен «Өлім аңгары» деген атқа ие болды (ол қай жерде?). Тарихта бүл кезең «алтын дүрбелең» деп аталды.
Сүрақтар мен тапсырмалар.
1. Солтүстік Америкадағы ірі таулар мен жазықтарды * атаңдар, картадағы биіктік шкаласы бойынша олардың биіктіктерін анықтаңдар.
2. Материктегі ірі тау жүйелерінің орналасу бағыттарын Еуразия тауларымен
салыстырыңдар.
3*. Биік Кордильера тауы неге материктің батысында орналасқан?
Себебін түсіндіріндер.
4. Ежелгі мүз басу іздері қандай жазықтарда байқалады?
5. Материк қандай пайдалы қазбаларға бай?
Физикалың карта мен оңулық мәтінін пайдаланып, кескін кар- таға ірі тау жоталары мен жазықтардың аттарын белгілеп, ондағы басты пайдалы қазбаларды шартты белгілермен көрсетіңдер.
Қосымшадағы 4, 7-кестелермен танысындар.