§33. Өзендері мен көлдері
1. Өзен жүйесі дегеніміз не, оның қандай бөліктерін білесіңдер?
2. Өзен алабы деген не?
З.Суайрық деген не, мысал келтіріңдер.
4.Өзен сулары қалай толығады?
Сендер Оңтүстік Америка жеріне жауын-шашынның мол түсетінін білесіңдер. Сондықтан бүл материк Жер шарындағы ең беткі суға бай материк болып табылады.
Өзендері. Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және Тынық мүхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мүхитына қүяды. Атлантмүхитына және оның Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері қүяды (оларды картадан табыңдар). Анд тауларынан басталатын Амазонка Жершарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы бір секундта 220 000 м3 су ағып өтеді. Бүл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше еее артық. Амазонканың арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км- ге дейін жетеді. Өзен жаңбыр коп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар. Өзеннің 500-ден астам салалары бар, оларды суының түсіне қарай «ақ өзендер»(суында сазды жыныстар көп) және «қара өзендер» (суында шіріген өсімдік қалдықтары көп) деп атайды. Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оң жақ салаларының есебінен наурыз-еәуір айларында айрықша көтеріледі. Атлант мүхитындағы толысудыц (ол қандай қүбылыс?) әсерінен өзен суы 1,5-5 м-ге дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км-ден астам қашықтыққа кері ағады. Жағалауды бүзып, өте жылдам қозғалатын бүл кері ағысты жергілікті үндістер амазуну (по- роруку) деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан.
Амазонка мен оның салалары тіршілікке бай. Өзеннің суы тымық бөліктерінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін виктория-регия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық - ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып арапаима және жыртқыш ұсақ пиранья балықтары, электрлі су жыланы, тұщы су дельфині - иния, кайман қолтырауындары тіршілік етеді. Амазонка өзенінің жойқын күші мен оның алабындағы қорыс батпақтар, қалың ну ормандарының құпиясы әлі толық ашылмағандықтан адамдарға үрей мен қорқыныш туғызады.
Парана мен Ориноко да мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы - су деңгейі маусым- ға байланысты өзгереді. Парана өзенінің су жинау алабы Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік беткейі мен Анд таулары аралығындағы жазықтарды қамтиды. Өзен басталар бөлігінде таулы үстірттен қүлап ағатындықтан бірнеше сарқырамалар жүйесін қалыптастырады. Оның ең ірісі - Игуасу (биіктігі 72 м) 300 тармаққа бөлініп, биік жартастар- дан қүлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырамалардың бірі болып табы- лады. Парана орта және төменгі ағысында кең жайылып, баяу ағады, суының деңгейі мамыр айында көтеріледі. Ориноко өзені Гвиана таулы үстіртінен басталып, Ориноко ойпаты арқылы ағып өтеді. Атлант мүхитына қүяр жерінде өзен сағаеы үлкен атырау жасайды. Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Бүл екі өзенде де су қуатының мол қоры бар, сонымен қатар кеме жүзуіне қолайлы.
Тынық мүхитына Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана қүяды. Ал Анд тауларының тау аралық үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тцйық алапқа жатады.
Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналасқан. Кол атауы аймара үндісте- рінің тілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бүл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мүнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.
Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо түзды көлі бар. Материк жағалауларында мүхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі -Маракайбо. Оның түбінен мүнай өндіріледі.
Сүрақтар мен тапсырмалар.
1. Оңтүстік Америка өзендері қандай алаптарға бө- лінеді?
2. Материктің мол сулы, ірі өзендерін атаңдар, олар қайда қүяды?
3. Амазонканың жыл бойы мол сулы болуын немен түсіндіруге болады?
4. Амазонка өзенінде қандай тіршілік өкілдері кездеседі?
5. Титикака қандай көл қатарына жатады?
Қосымшадағы 8, 9-кестемен танысындар.