Солтүстік жарты шар материктері. Сарамандық жұмыс №3
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды жарты шар материктері
бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін
жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
2.Дамытушылық: Логикалық
ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
3. Тәрбиелік: Достыққа,
қайырымдылыққа, сыпайылыққа, көпшіл болуға, бірін-бірі түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат
сабақ
Оқыту әдісі:
Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас карта, оқулық, қосымша
материалдар.
Сабақтың
барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен
амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
«Өз біліміңді тексер»
- Солтүстік Американың географиялық орнының басты белгілерін
атаңдар? Оның Еуразияның географиялық орнынан қандай айырмашылығы бар?
- Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді?
- Кардильера тау жүйесі неге меридиан бағытында
орналасқан?
- Материкте қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
- Солтүстік Америка мен Еуразиядағы табиғат
жағдайларының ұқсас аудандарын атаңдар.
- Солтүстік Американың қай бөлігінің табиғаты біздің
жерімізге ұқсас болып келеді? Мысал келтіріңдер.
- Солтүстік Американың жерінде шөлдер неге аз?
- Солтүстік Америкадағы табиғаты көркем жерлерді
атаңдар?
- Материктегі табиғаты қатты өзгерген аудандарға мысал
келтіріңдер.
- Солтүстік Америкада қандай халықтар тұрады?
- Солтүстік Американың ірі елдері мен олардың
қалаларын табыңдар.
- Картамен жұмыс
- «Торнадо», «Ураган» бұл қандай құбылыстар?
- Солтүстік Америка үндістері кеше және бүгін
- Солтүстік Американың ұлттық саябақтары
- Солтүстік Американың сирек кездесетін жануарлары.
Қорытынды: Канада, АҚШ бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халқының
тұрмыс тіршілігі басқа мемлекеттермен айырмашылық жасайды.
Үйге
тапсырма: Тарауды қайталау, тест құрау, картамен жұмыс жасау және
қосымша материалдар жинап келу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.