Сабақтың тақырыбы: §3. Тас дәуірі
Сабақтың мақсаты:
? Қазақстан аумағындағы тас дәуірі туралы, ол кездегі еңбек
құралдары, тас дәуірінде өмір сүрген адамдарды қалай атады, осы туралы баяндау
? Рулық қауымның шығуы туралы айта отырып, оқушылардың
белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі:
баяндау
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру
кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
кезеңі
·
Оқу
құралын тексеріп түгелдеу
·
Әнұран
орындау, «Хабар»
·
Оқушылар
зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
? Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?
? Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп ойлайсыңдар?
Жаңа сабақтың жоспары:
1.
Қазақстан
аумағындағы тас дәуірі
Адамзат қоғамындағы ең ұзақ палеолит дәуірі ерте және
кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 миллион
500 мың жылдан 40-35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Кейінгі тас ғасырының
хронологиялық ауқымы-б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы. Кейде адамдар ерте және
кейінгі кейінгі тас ғасырының аралығңында
ортаңғы тас ғасыры болғандығын айтады. Оның мерзімі шамамен б.з.б.
100-40 мың жыл аралығы деп есептелінеді.
2.
«Саналы
адам».
Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан
40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Адамның жетілуінде
еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі миы
дамыды. /Атеистер ілімі бойынша/
«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон
үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды.
3.
Рулық
қауымның шығуы
Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық
қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығуына сәйкес келеді.
Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп
шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.
Сабақты бекіту:
·
Палеолит
заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылған?
·
Палеолит
дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары туралы не білесің?
·
«Адамды
адам еткен еңбек» дегенмен келісесің бе? Неге?
·
Ру
дегеніміз не?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §3. Шығармашылық тапсырма: Жердің беті
күрт суып,қыс ұзаққа созылды. Жылы ауа райына үйренген бірқатар жануарлар
қырылды. Тірі қалғандары жылы жаққа ауып кетті. Алғашқы адамдар суықтан қалай
аман қалды? Олар суықтан қалай қорғанды?
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.