№8 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектердің қолданылуы.
Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып
шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға
үйрету өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек
үлгілері, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру
II. Жаңа сабаққа дайындық
Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра,
киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)
III. Жаңа сабақ
1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы
түсінік
Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол
өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер
заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.
Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған,
"Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден
шыққан.
2. ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы
көрсетіп түсіндіру
Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы:
жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі
қолданылады.
Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек.
Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш
бұйымдарында т. б. кездеседі.
3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды
өзіміз жасай білуіміз керек.
Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін
ойып қағазға жапсыру.
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді
реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы:
қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен
үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)
4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін
көрсету. (cхема)
5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып,
жапсырмалау.
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
IY. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп
атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
Y. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау.
YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.