Сабақтың тақырыбы: Фонограф программасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды
мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,
дыбыс жазу мен ойнатуға
үйрету;
Тәрбиелілік:
Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың
ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,
инт.тақта. презентация слайд
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды
ұйымдастыру.
- Үйге
берілген тапсырманы тексеру.
- Жаңа
тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмаларды
орындау.
- Сабақты
бекіту.
- Үйге
тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Блокнот қолданбасының атқаратын
қызметі қандай?
• Блокнот қолданбасын қалай іске
қосамыз?
• Блокнот қолданбасында қріп пішінін,
өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?
•
Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?
• Калькулятор қолданбасының атқаратын
қызметі қандай?
• Калькулятордың қандай түрлері бар?
Жаңа түсініктер:
Фонограф
программасы
Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған
бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі
болып табыатын дыбыс сигналдарын өңдейді. Дыбыс енгізу құрылғысы – микрофон.
Іске қосу. – пуск –
программы-стандартные-мультимедиа-фонограф.
Оның терезесінде төмендегідей батырмалар бар:
1.Бас жағына
өту
2.аяқ жағына
өту
3.ойнату
4.тоқтату
5.жазу
Ақпарат WAV кеңейтілуі бар файлға жазылады.
Компакт – дискідегі
бағдарламаларды орнату мен іске қосу
Кейінгі кезде компьютерлік
бағдарламалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы бағдарламалар, операциялық жүйелер, ойындар
және т.б. болуы мүмкін. Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады,
яғни дискіні СД-РОМ-ға қойсақ болды әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді.
Сабақты бекіту сұрақтары:
●
Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?
●
Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен
жұмыс істеуге бола ма?
●
Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?
●
Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?
●
Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны
қолданамыз?
●
Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?
Үйге тапсырма: Фонограф
программасы.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.