Сабақтың тақырыбы: Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасымен таныстыру.
Білімділік: Инженерлік калькулятор программасының
міндеттерімен
таныстыру,
көшіру мен кірістіріп қою
командаларын үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа,
тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс
дәптері.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
1.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
2.
тапсырмаларды орындау
3.
сабақты бекіту
4.
үйге тапсырма беру
Өткен
материалды қайталау сұрақтары:
1. Калькулятор қолданбасының
атқаратын қызметі қандай?
2. Калькулятордың қандай түрлері бар?
Жаңа түсініктер
Инженерлік
калькулятордың түрін көрейік. Жоғарыда
айтылғандай, инженерлік калькуляторды «шақыру» үшін :
Пуск –Все
программы- Стандартные-Калькулятор –Вид Инженерный командаларын орындаңдар.
Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға
ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет
атқарады. Бұл калькулятордың көмегімен
статистикалық есептеулер жүргізу, тригонометриялық функцияларды, логарифмді,
дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады.
Егер бұл
калькуляторда жұмыс істеп отырып, оның кейбір функциялары қалай орындалатынын
ұмытып қалсаңдар, онда анықтамалық жүйені
пайдаланыңдар. Мысалы, батырмалардың міндеттерін анықтау үшін,
динамикалық менюді пайдалануға болады.
Ол
үшін, әдеттегідей, өздеріңе қажет
тышқанның оң жақ батырмасын шертіңдер. Сонда кішкене жақтау үшін «Что это
такое?» жазуы шығады. Бұл жазуда тышқанның сол жақ батырмасын шертсеңдер, осы
батырма жөнінде ақпарат пайда болады.
Инженерлік
калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік
және оналтылық..
Сабақты бекіту
сұрақтары:
1. Инженерлік калькулятор
қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
2. Инженерлік
калькулятордың қандай ерекшеліктері бар?
Үйге тапсырма: Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау
ерекшеліктері
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.