Сабақтың тақырыбы. WordPad мәтіндік редакторының батырмалары.
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік. Құжаттың
құрылымы , стильі, баспа бетінің
геометриясы туралы және
WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен
жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды
қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.
Тәрбиелік. Оқушыларды
тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық.
Оқушылардың ойлау қабілеттін
,логикалық-абстракциясын дамыту
Сабақтың түрі. Аралас
сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті
құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы.
1.Оқушылардың ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер.
Мәтіндік процессор-бұл тек қана
мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар
бағдарламалар класы. Сонымен қатар
пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу
жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар
қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және
мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек
осы редактор ғана DOS-ОЖ-да жасалған
орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.
Казіргі кезде дербас компьютерлерді
құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.
Пуск => Программы =>
Стандартные => WordPad ( Жіберу => Бағдарламалар =>Стандартты =>
WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік
редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы,
меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік
жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты
және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі
пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін
алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан
соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың
аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Әр оқушы бетінше түсіндірілегн мәтіндік батырмалардың суретін салады:
Мәтіндік батырмалар:
Ашу-
Құжат құру-
Құжат сақтау-
Көшіру-
Қиып алу-
Қою-
Баспаға жіберу-
Қаріп өлшемі-
Қаріп жазылуы-
Сабақты бекіту сұрақтары:
● WORDPAD
МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі
қандай?
● WORDPAD
мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
● WORDPAD
мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.
Электронды оқулықпен жұмыс.
Тапсырмалар №1,2
Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік
редакторында жұмыс істеу,тақырыпту оқу
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.