Сабақғың тақырыбы: Toys.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Toys» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру (a plane, a train, a doll, a ball, a car). Ойыншықтардың атауын білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог кұру дағдысын калыптастыру. Аа әріптерімен танысу. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [æ] и [ɔ:].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: ойыншықты
атау дағдысын, қызықтыратын ойыншық туралы акпарат сұрау және бұрын үйренген лексика мен грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, ол туралы шағын диалог құру дағдысын қалыптастыру. Аа әрпінің дыбыстық бейнесін оның графикалық
бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: ойыншықтарға ұқыптылықпен карауға баулу, оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамыту;
жүйелік-әрекеттік: оқу және
коммуникативтік, соның ішінде шығармашылық сипаттағы кызметтің міндеттерін
орындау (шағын диалогтар бойынша рөлдер ойнау).
Сабақты материалдық камтамасыз ету:
мұғалім
үшін: CD ойнатқыш, оқу
қызметіне ынталандыруға және арналған смайлдар, ойыншықтар бейнеленғсн
флэш-карталар.
оқушылар
үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет
салу.
Сабақтың барысы
Good
morning, good morning,
Good
morning to you!
Good
morning, good morning !
I am glad to see you!
Good
morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (Cl.: Fine, thanks.) Sit down,
please.
II.
Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
Бүгін біз
ойыншықтардың атауымен танысамыз және олар туралы әңгімелеуді үйренеміз. Сонымен қатар ағылшын әліпбиінін
бірінші әрпі Аа
әрпімен танысамыз.
III.
Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
Балалар, бізге кімнің келгенің
қараңдар. Mr. Wise
Crow-мен амандасыңдар. (Cl.: Good
morning, Mr. Wise Crow). Mr. Crow: Hello, children. How are you?
Бүгін [ɔ:] дыбысын айтып үйренеміз. Бұл
дыбысты кандай жағдайда айтамыз? Дұрыс, таңғалғанда.listen and say [ɔ:] [ɔ:] [ɔ:] . Бұл дыбыс кандай сөздерде естіледі? (Cl.: board,
morning.) Well done!
IV.
Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен
жұмыс
I- жаттығу. Learn the new words.
Look at this picture, listen and repeal after
me: (Сөздерді
оқимын, оқушылар тыңдайды және артынан кайталайды).
It's a
plane. It's a train. It's a ball. It's a doll. It's a car.
Оқушылар оқулықтағы суретті көрсетеді, «What's this?» деген сұрақ қояды және бір-біріне заттарды атайды.
2
-жаттығу. Listen and learn.
Балалар, Муни біздің кейіпкерлерімізге қонаққа келді. Олар Муниді
ойнауға шақырады: Let's play. Listen and say after me: Let's play. Now,
let's listen.
Тыңдағаннан кейін мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:
«Муни ойыншықтарды дұрыс атады ма?» (Муни
басқа ғаламшардан келді ғой, ол барлық сөздерді біле бермейді).
Әлібектің оның сөзін қалай түзеткеніне назар аударыңдар.
(Оқушылар аудиожаттығу мәтінін тыңдайды.)
Track 28.
I -
сурет.
Муни: Hello,
Alibek and Anar. How are you?
Anar:
Fine, thank you. Let's play.
2 - сурет.
Муни: Oh, look! It's a plane.
Әлібек: It's not a
plane. It's a train.
3-сурет.
Муни: It's a ball.
Әлібек: It isn't a
ball. It's a car.
«Муниге көмектесіңдер» атты рөлдік
ойын.
Оқушылар жұптасып, заттарды тандайды және тыңдалған
материалға ұқсас диалогтарды рөлдер бойынша ойнайды. Мысалы:
Pupil I: It's a train.
Pupil 2:
It's not a train. It's a car.
3 -жаттығу. Learn the new letter and new words.
Балалар, Бүгін біз ағылшын әліпбиінің алғашқы әрпімен танысамыз.
Ол Аа әрпі. Әріптермен және дыбыстармен танысу үшін досымыз. Mr. Wise Crow-ты шақырамыз. Look at the picture, listen and say Aa.
Суретте осы әріптен
басталатын заттар бейнеленген. Listen and
say: apple, ant (мұғалім алманы, құмырсқаны көрсетеді), apple, apple (мұғалім алманы көрсетеді).
Балаларды белгісіздік «аn» артиклімен таныстыру. Бұл
артикльдің қалай қолданылатыны туралы айту. Жаңадан танысқан сөздерді қолданып
балалардың сөйлем құрауын сұрау.
It's an apple.
It's an ant.
Әріп Aa деп аталатынына,
бірақ көбіне [æ] деп айтылатынына
назар аударыңыз. Балалармен бірге:
A is for
apple A is for ant
сөйлемдерін оқыңыз. Осы сияқты сөйлемдер әр әріпке берілген. Оларды балалармен бірге оқыңыз.
Track 29 a,
a, a
[æ] [æ] [æ]
[æ] apple, [æ] apple
[æ] [æ] [æ]
a, a, a .
[æ] [æ] [æ]
[æ] ant, [æ] ant
[æ] [æ] [æ]
Сергіту сәті:
Bend and clap, clap.
Bend and
stamp, stamp'.
Turn
around and bend,
and stamp, stamp, stamp.
Дәптермен
жұмыс
4- жаттығу. Say what it is. Listen to the teacher and colour.
Оқушылар мұғалім суретте бейнеленген заттар
туралы оқыған
сөйлемдерді тыңдайды, оларды түзетеді және заттарды бояйды. Мұғалімнің сөзі:
The ball is green.
The plane is red.
The train is blue.
The car is yellow.
The doll is red.
5 - жаттығу. Match.
Окушылар суреттерге қарай, оларды сәйкес сөздермен сызық
арқылы косады.
6-жаттығу. Colour the picture and say the words.
Окушылар заттарды бояп, атайды.
7- жаттығу. Trace.
Окушылар Аа әріпін айналдыра жазады, екінші жолды өз бетінше жазады.
8- жаттығу . Write the letter. Translate the sentence.
Оқушылар сөздегі жетіспейтін
әріп жазады және заттарды атайды.
Бүгін әрқайсысын нені үйрендіңдер? Біздің сабақтан кейін үйде
ата- аналарыңа не туралы айтасыңдар?
Бүгінгі сабақта жаңа
сөздермеи таныстық(оқушылар сөздерді атайды: plane, train, doll, ball, car). Қате сөйлемдерді түзетуді
үйрендік. (Мысалы, It's not a
plane. It's a train). Ағылшын әліпбиінің
бірінші әрпі
Аа
әрпімен
таныстық және оны жазуды
үйрендік. Бүған біздің досымыз Mr. Wise Crow көмектесті.
Well done! Goodbye, children!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.