№ 50. Тақырыбы: Қарағанды.
Мақсаты: Көмірлі өлке тақырыбьн оқи отырып,
пайдалы қазбалар жайлы түсінік беру
Танымдық қабілеттерін дамыту. Қоршаған орта табиғатын қорғай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа
әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Алматы.Тізбектей
оқу. Мазмұнын сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру:Алматы жайлы оқушыларға әңгімелету.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Көмірлі өлке
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс а/ Көмірлі өлке тақырыбын оқып, пайдалы қазбалар және тас көмірден алынатын
заттар жайлы түсінік беру. ә/ Көрнекіліктермен жұмыс. Тас көмір түрлерін
көрсету.б/ Тақырыпты оқу, іштей оқу, тізбектей оқу. Сергіту сәті.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: а/ Сұрақтарға жауап алу. Тас көмірден не алынады?
Тас көмір жердің қай жерінде болады? Шахтер деген кім? Тас көмір бассейні
деген не?
Тас көмірдің негізгі қасиеті неде?
ә/ Тапсырмаларды орындау.
ҮІІ. Бекіту. Бүгін не өттік? Көмірлі өлке деген қай жер?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. оқу, мазмұны 2.бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.