№120. Сабақтың тақырыбы: Гиннес кітабына кірген қазақ
Мақсаты:1.Тоқтар
Әубәкіров туралы мағлұмат беру, жинақтау
2.Қызығушылықтарын арттыру. 3. Ерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. «Батылдық» мәтінің оқып, мазмұнын
сұрау2. С. Мұқанов туралы мағлұмат бер
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ.Жан-жақты білімін
тексеру:«Гиннес» кітабы
дегенді естідің бе?
Мұғалім мысал келтіреді
Ү. Жаңа сабақ:1. Рекорд еңбекте, спортта, қол жеткен ең
жоғарғы табыс Гиннес кітабы – алғаш
рекорд жасаған адамның есімі кіретін кітап.
2. Гиннес кітабына кірген қазақ –
Тоқтар Әубәкіров туралы мағлұмат беру, түсіндіру. 3. Мәтінді оқып беру, оқушыларға оқыту. 4.Мақал-мәтелдермен жұмыс. 5. Сергіту сәті. 6.
Дәптермен жұмыс . Жана сөздерге
түсінік беру. Т.Әубәкіров туралы оқыған мәніннен леп белгісімен жазылған
сөйлемдерді теріп жаз: «Нағыз қазақ! Қыран қазақ! Қанатың талмасын! Бұл 1989 жылдың 1
қарашасында болған оқиға еді. Ал 1991 жылы Т.Әубәкіров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты.7.
Тәулік 22 сағат, 12 минут 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған. Т.Әубәкіров
тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.
ҮІ. Қорыту.Сұрақтарға жауап
алу.1. Гиннес кітабына
кірген қазақ кім екен? 2. Ол қандай
ерлік көрсетті? 3. Сынақшы-ұшқыш және ғарышкер-ұшқыш дегенді қалай түсінесің? 4. Т.Әубәкіровтың ерліктері сенде қандай
көңіл-күй туғызды
ҮІІ. Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.