№115. Сабақтың тақырыбы: Н. Ғабдуллин. Батырдың мінезі
Мақсаты: 1. Б.Момышұлы туралы толық мағлұмат беру.2.
Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.3.
Батырлыққа, ержүректікке тәрбиелеу
Көрнекілік: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.
Түрі: аралас
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа
әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру1. С.Сейфуллин өмірі, шығармалары 2. «Біржан» өлеңін мәнерлі оқу
ІІІ. Мақсат қою кезеңіСабақтың мақсатымен таныстыру.
ІҮ. Жаңа сабақ1. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24
желтоқсанда дүниеге келген. Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқы жауынгері,
халық қаһарманы, қазақтың көрнекі жазушысы. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көкбастау ауылында туылған. Б.Момышұлы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал майор
И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда
жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, батальон,
полк командирі болды. Кейін гвардиялық дивизияны басқарды. Мәскеу түбіндегі
шайқаста көрсеткен ерлігі аңызға айналды.
Момышұлына соғыс біткенінен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде Кеңестер
Одағының батыры атағы берілді. 2. Мәтіннің авторы – Нығмет Ғабдуллин
әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Б.Момышұлы «Батырдың мінезі» мазмұнын түсіндіру. 3. Сергіту сәті 4. Мәтіннен қолданған нақыл сөзді тауып,
дәптеріне жазып ал. 5. Оқушыларға
іштей оқыту
ҮІ. Қорыту.Осы әңгіме бойынша қандай сурет салар
едің?
Ұлы Отан соғысы кезінде болған ерлікке
қатысты сөздерді дұрыс, түсініп оқы. Осы нақыл сөздердің мәтінге қатысын
айт. Кімге қатысты? Неліктен?
Осы нақыл сөздердегі жеке сөздерді пайдаланып Бауыржане Момышұлын сипатта.
Мысалы: Б.Момышұлы тәуекелшіл, ....
ҮІІ. Үйге тапсырма1.
Мәтінді түсініп оқы, мазмұнын айту
2. Нақыл сөздерді жаттау
3. Әңгіме бойынша сурет сал . Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.