№99. Тақырыбы: Үйшік. (орыс ертегісі)
Мақсаты:
1.Орыс халық ертегісін түсініп оқу. Диалог құрап ертегіні сахыналау
2.Қызуғушылықтарын арттыру 3.Адамгершілікке
тәрбиелеу
Сабақтың барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру1.Ө.Ақыпбековтың «Наурыз жыл басы.» өлеңін
мәнерлеп оқыту. 2.Өлеңді 2 бөлікке
бөл. Әр бөліктегі ақын ойын өз сөзіңмен әңгімеле. 1- бөлік Көктем мезгілі. 2-
бөлік Наурыз мейрамы. 3. Наурыз
мейрамын сен қалай қарсы аласың?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
ІҮ. Жан-жақты білімін тексеру.1.
Қандай орыс ертегілерін білесің? (Бауырсақ).2.
Сызбаны толтыр. Ертегілердің қандай
түрлері бар
Ү. Жаңа сабақ:1. Сюжетті суреттер бойынша «Үйшік»
ертегісінің мазмұнын түсіндіру. 2.
Ертегінің мәтінің 4-5 оқушыға дауыстап
оқыту. 3. Іштей оқыту
ІҮ. Сергіту сәті
Ү Сабақты бкекіту:1. Топтық жұмыс. Кейіпкерлер арасында сөйлесу
(диолог) құрап, ертегіні сахналап көру. 1-топ
Тышқан мен бақа 2-топ Қоян және басқа аңдар 3-топ Түлкі және басқа аңдар 4-топ Қасқыр және басқа аңдар 5-топ
Аю және басқа аңдар
ҮІ Сабақты қорыту
1. Адасқан сөздер ойыны.
Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін көрсет
Секіріп Алақ-жұлақ етіп Қорбаңдап Жүгіріп Ытқып-ытқып Қуанып |
Түлкі Аю Қасқыр Бақа Тышқан Қоян |
2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
Бірлік болмай тірлік болмас. Ырыс алды ынтымақ.
Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
Осы мақал-мәтелдерге қандай ортақ
тақырып қояр едің?
Мақал-мәтелдердің ертегідегі оқиғаға
қатысты екенін дәлелдеп көр.
ҮІІІ Үйге тапсырма бағалау
1. Ертегіні оқып, мазмұнын айту 2. Сурет салу (
Кейіпкерлердің суреті)
3. Мақал-мәтелдерді жаттау, толық мазмұнын ашу 4.
Бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.