№ 89. Тақырыбы: Көк кептер
Мақсаты: Көк кептер әңгімесін оқып, құстарға
қамқорлық жасау жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқып, мазмұнын айта білуге баулу.
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құстар суреті.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік
жұмыс.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Тізбектей оқыту. Мазмұнын сұрау.
ІІІ. Өткенді пысықтау:Балық аулаған балының көңіл күйі өлеңде
қалай суреттелген? Бала қармағына не деп сөйледі? Көл жағасында өлеңінде жылдың
қай мезгілі суреттелген? Тау етегі неге ұқсайды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Көк кептер
Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.а/ «Көк кептер» әңгімесін
оқып, мазмұнын ашу. Құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру. ә/ әңгімені
оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке
оқу
б/ Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: а/ сұрақтарға жауап алу Нүсіпбек қандай
жағдайға тап болды? Оған ара түскен
кім? Балалардың үлкендеуі не үшін Нүсіпбек жөнінде сұрап біліп алды деп ойлайсың?
Балалар көк кептерге қандай көмек жасауы мүмкін? ә/ Тапсырмаларды
орындау,әңгімені рөлге бөліп оқу,мәтіннен көк кептердің аянышты халі айтылған
жолдарды тауып оқы. б/ Жұмбақты шешу. в/ құстар туралы өлең тақпақтар айту.
ҮІІ. Бекіту:құстар жайлы нақыл сөздер айту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұнын айту.Бағалау.
М.Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.