№85. Тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?
Мақсаты:
Оқушыларға мәтіннің негізгі ойды идеясын ұғындыру. Сөз тіркестерін
пайдалана отырып, байланыстыра сөйлеу
дағдыларын жетілдіру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Жаман
қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: Оқулық
Түрі : аралас
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа
әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Тәкаппар. Мәнерлеп оқу
ІІІ. Өткенді қорыту:жаман әдеттер, мақтаншақ, өркөкірек,
менмендік, ұйқышылдық
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров.
Ү. Жаңа сабақ:а/ Мысалды оқу, ә/ сүтке байланысты әрекеттер ұйықтап қапты, іріп қапты, оянбапты
мән беріп оқу. б/Оқушыларға оқыту. в/Мысалды талдау .г/ оқулықпен жұмыс, іштей оқу, тізбектей оқу, ертегіге
қатысты мақалды табу.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Ертегі не туралы? Бір күні сүтке не
болыпты? Ел-жұрт неге қайран қапты? Ұйықтаймын деп сүт неге ұшырапты? Сүттің
аянышты халін кім байқапты? Сүт неліктен жылады? Осы ертегіде ақын не айтпақ
болды деп ойлайсың?
ҮІІ. Бекіту:Сүттен жасалатын тағамдар?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу.Бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.