№79. Тақырыбы: Бұл кім? Бесік жыры
Мақсаты: Бұл кім?
өлеңін оқып, түсіндіру. Мәнерлеп
шапшаң оқуға дағдыландыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Мейірімділікке
тірбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа
даярлық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Ғылым таппай мақтанба. Жатқа сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру:Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?Адам
болу үшін қандай қасиеттер керек?Бес дұшпан деп нені атайды?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: а/Ы.Алтынсарин – қазақтан шыққан тұңғыш
ұстаз,қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан. Балаларды оқу-білімге
шақырған. ә/ Өлеңдерді оқу талдау.б/ сөздік жұмысын жүргізу. Оқулықпен жұмыс,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке
оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт
бөліп дегенді қалай түсінесің? Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып
тұрған сөздерді табу.Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?
ҮІІ Қорыту.Мақал-мәтелдер.
ҮІІІ Үйге тапсырма: 1. Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 2.бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.