№71.Сабақтың тақырыбы: Айтшы, әжетай. Жақан Смақов
Сабақтың мақсаты: |
Ана
тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу
арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру. |
1. Білімділік: |
Дұрыс , түсініп оқуға, өлеңнің негізін
түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту. |
2. Дамытушылық: |
Балалардың
тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту. |
3. Тәрбиелік: |
Оқушыларды
әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға,
адамгершілікке тәрбиелеу. |
Сабақтың түрі: |
Аралас
сабақ. |
Сабақтың әдісі: |
Сұрақ
– жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын. |
Сабақтың көрнекілігі:
|
Мамандыққа
арналған суретер, дидактикалық материалдар, сызбалар. |
Сабақтың барысы: |
|
I. Ұйымдастыру кезеңі. |
1.Сабаққа балаларды дайындау. 2.Сабақ
мақсатымен таныстыру. |
II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту. |
-
Үйге не берілді? - Ертегі не жайлы? -
Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің? -
Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма? - «
Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің? |
III. Жаңа сабақ 1. Кіріспе :
|
- Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың
тақырыбы Жақан Смақовтың өлеңі
«Айтшы, әжетай» -
Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер? |
2. Мұғалімнің түсіндіруі:
|
-Балалар,
мына нақыл сөзді түсініп оқып көрелік. Ата –асқар тау, Ана – бауырыңдағы
бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ. -
Осы нақыл сөзден не түсіндің? Қандай
сурет салар едің? Айтшы. -
Белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңін түсініп оқып көрелік. |
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп , түсініп оқу. Рөлмен оқу.
Сөздік жұмыс
Осы өлеңді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?
Ақтабан – жылқының
атауы.
Қаракөл қой – қойдың түрі.
Бекіту.
Сызбамен жұмыс. Өлеңге сүйеніп,әр мамандық иесін тап. Байланыс сызықтарын
жүргіз.
Туыстық атауы |
|
Мамандығы |
Атасы |
|
тәрбиеші |
Нағашысы |
|
монтер |
Жеңгесі |
|
жылқышы |
Ағасы |
|
сауыншы |
Жиен ағасы |
|
құрылысшы |
Апасы |
|
егінші |
жездесі |
|
қойшы |
2. Дәптермен жұмыс. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:
а) өлеңге сүйеніп; ( класта)
б) өз бетіңше жалғастыр. (үйден)
Әке жағынан туыс |
Шеше жағынан туыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап
бересің?
4. Ойын: Мамандық иесін ата. « Кім не істейді?»
- Бүгінгі сабақта біз не
білдік,неге үйрендік?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.