№70. Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)
Сабақтың мақсаты:
1. Дұрыс,
түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.
2. Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап
жеткізуге дағдыландыру.
3. Үлкенді сыйлауға,
адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен
оқу.
Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі . |
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс
істеу маған ұнайтынын хабарлау және
олардың назарын сабаққа аудару 2.Сабақ
мақсатымен таныстыру. |
ІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе.
-Балалар осы бөлімде оқыған « Ата
ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.
Олай болса, бүгінгі сабағымызда
негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін
мына жұмбақтарды дұрыс
шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің.
Мысықтан қорқады,
Түнде жортады. (
тышқан )
Тонын кие туған,
Жалап бетін жуған. ( мысық
)
- Тышқан, мысық туралы тағы не
білесің ? Айтып береді?.
3. Оқулықпен жұмыс. - Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.
Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата.
Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па?
4. Дәптермен жұмыс. -
жұмбақты жатқа жазу.
Жаңа сабақты бекіту.
- Ертегідегі нақыл сөзді тауып,
дауыстап оқы.
-
Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр.
- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?
Қорыту.
Суретпен жұмыс.
Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм
құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?
Оқушылардың білімдерін
бағалау, қорытындылау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.