№7. Оқулық
Мақсаты: Оқушыларға
Н.Айтовтың өмірі жайлы түсінік
бере отырып, «Оқулық» өлеңін оқып түсіндіру.Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп
оқуға баулу.Білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың
зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау« Күн шыққанда» өлеңін мәнерлеп оқу.
ІІІ. Өткенді қорыту:Өлеңде ақын балаларды неге шақырады?Білім
туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа
сабаққа даярлық
а/ Н.Айтовтың өмірімен
таныстыру.ә/ Сергіту сәтін өткізу.
Ү. Жаңа сабақ:а/
өлеңді мәнерлеп оқу .ә/ сөздік жұмыс жүргізу.Дәптермен жұмыс
б/сұрақтарға жауап алу .в/ Өлеңді оқу ,іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу .
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Кітап туралы қандай мақал-мәтел
білесіңдер?Қандай кітаптар оқығанды ұнатасыңдар?Кітапханадан қандай кітаптар
алып оқыдыңдар?
ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?Н.Айтов кім?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді мәнерлеп оқу.2.Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.