№3. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату
Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең
жолдары
Әдісі:
түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!»
өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен,
тоқуменен, оқуменен» - бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.
ІІІ .Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға
жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең
қартайса,
Тіреу болар бұл оқу» толығырақ
түсуіне көмегін тигізеді.
ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу:Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу.
Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.
Ү. Дәптермен жұмыс
Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?
Төмендегі сызбаға жаз.
Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасы |
Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты |
|
|
ҮІ. Қорыту
Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?
Әңгімені басқаша қалай атауға болады?
ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.