№2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық
Мақсаты: Ы.Алтынсариннің Кел,балалар , оқылық
өлеңінің мағынасын түсіндіру.Ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге,
оқуға, өнерге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:І.
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ .Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында
туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық
жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен
жұмыс
сөздік жұмыс жүргізу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?Өлеңнің
бірінші шумағынан не түсіндіңдер?Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Тауып оқу
Ү. Қорыту:Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.