Биология пәнінен 6 – сыныптарға арналған тест жұмыстары
Кажекенова Эльмира Асимхановна
«№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
ШҚО Семей
қаласы
Ұлғайтқыш құралдар .
Өсімдік жасушасының
құрылысы.
1. Затты 3-5 есе
үлкейтіп көрсететін құрал:
а)тұтқалы ұлғайтқыш
әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш
қол әйнегі
2. Затты 10-25 есе
үлкейтіп көрсететін құрал:
а)микроскоп ә)тұтқалы
ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш
қол әйнегі.
3. Жарық түсіру
қызметін атқаратын микроскоп
бөлімі:
а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі
4. Микроскоптың барлық
бөлімдері бекітілген тірегі:
а)табан ә)заттық
үстелше б)бұранда в)тұтқа
5. Микроскоптың бірнеше
линзасы бар
бөлімі:
а) көру түтігі ә)айна
б)окуляр в)объектив
6. Көру түтігін
қозғау қызметін атқаратын
микроскоп бөлімі:
а)бұранда ә)табан б)тұтқа
в)заттық үстелше
7.Барлық күрделі тіршілік
әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі
зат:
а )цитоплазма ә)жасуша
қабықшасы б)ядро в)вакуоль
8. Тек өсімдік
жасаушасында болатын органоид:
а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль
в)цитоплазма
9. Жасушаға белгілі
пішін, мықтылық қасиет
беріп, зақымданудан қорғайтын
органоид:
а)цитоплазма ә)жасуша
қабықшасы б)ядро в)вакуоль
10.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың
қысымын реттейтін, керексіз
улы заттарды ыдырататын
және жасушаның қоректенуіне
жұмсалатын шырын жиналатын
орын:
а)цитоплазма ә)ядро
б)пластидтер в)вакуоль
11. Цитоплазмасыз тіршілік
ете алмайтын, көбеюге
қатысатын жасуша бөлігі:
а)вакуоль ә)цитоплазма б)ядро
в)пластидтер
12. Өсімдік тұқымында,
тамырында, түйнегінде қор жинауға
қатысатын пластидтер:
а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар
13. Фотосинтез процесіне
қатысатын пластидтер:
а)хлоропластар ә)хромопластар б)лейкопластар
14. Жемтамырларға, піскен
жемістерге түс беретін
пластидтер:
а)
хлоропластар ә)лейкопластар б)хромопластар
Өсімдік ұлпалары.
І-нұсқа
1.Өсімдіктерді әртүрлі
қолайсыз жағдайлардан қорғайтын
ұлпа:
а)түзуші ә)негізгі б)жабын
2.Тамырдың
топырақтан сорып алған
минералды тұздарының ерітіндісін
жер үсті мүшелеріне
жеткізетін ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)өткізгіш б)тірек
3 Жасушалары ұдайы
бөлініп, өсімдік өсуін
және бүршік жаруын
қамтамасыз ететін ұлпа:
а) өткізгіш ә)негізгі
б)түзуші
4. Өсімдіктердің жер
асты және жер
үсті мүшелерінде қоректік
заттарды қорға жинайтын
ұлпа:
а)негізгі ә)түзуші
б)өткізгіш
5. Өсімдікті ауру
тудыратын микробтар мен
зиянды жәндіктерден, малға
жем болудан сақтайтын
ұлпа:
а)негізгі ә)тірек б)бөліп
шығарушы
6. Өсімдіктің зақымданған
жерін қайта қалпына
келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш
7. Жасушалары қатты,
қиыршықты ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)өткізгіш б)тірек
8. Хлоропластары бар
тірі жасушалы ұлпа:
а)түзуші ә)бөліп
шығарушы б)негізгі
9. Жасушалары ұзын, түтік
тәрізді ұлпа:
а) өткізгіш ә)тірек
б)негізгі
10. Судың артық
булануынан сақтайтын ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)жабын б)түзуші.
11. Сабаққа ,
жапырақ сағағына , жүйкелеріне
беріктік қасиет беретін
ұлпа:
а)тірек ә)негізгі
б)өткізгіш
12. Сүт
жолы мен шайыр
жолы ашылатын ұлпа:
а)жабын ә)бөліп шығарушы
б)негізгі
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.