Сыныптан тыс жұмыс 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ата мұраң- асыл қазынаң.
Сабақтың мақсаты:Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрімен,
әдеп- ғұрпымен,
тыйым сөздерімен танысады.Өз елін, жерін сүйе
білуге,халық
мұрасын қастерлнуге, салт- дәстүрді құрметтей білуге тәрбиеленеді.Шығармашылық
ізденістерін арттырады.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі:
2.Жаңа
материалмен жұмыс:
Кіріспе сөз. Бала тәрбиесіне, жалпы адам
тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті болуына көмек болған-өзіміздің қазақ
халқы.Біз-
дің халқымыздың
тәрбие- тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.Хал-
қымыздың ғасырлар
бойы жазған зор еңбектері- салт-дәстүр,әдеп-
ғұрып үлгілері
мен өнегелері соның айғағы.
Әр ұлттың өзіндік
ерекшеліктері,салт-дәстүрі,тілі болатыны
белгілі.Біздің
тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен,ана әлдиінен,атаның
қасиетті
сэздерінен бастау алады.Халқымыздың әдет-ғұрпы мен дәстүрін,тарихын біліп,оны
қастерлеп,бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың
азаматтық борышы-мыз.
Білімсізден жаман жоқ.
Туған соң адам боп,
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты.
Үлгі тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты өз
халқымыздың салт-дәс
түрлері, асыл
қазаналары, асыл мұралары туралы ізденіс сабағын
өткізгелі отырмыз.Себебі,
бүгінгі жас егеменді еліміздің болашағын
қалыптастыру үшін
халқымыздың қаһармандық тарихын, ғасырдан
ғасырға жалғасып
жинақталған ұлттық мұрасын, мәдениетін, ұлт-
тық
салт-дәстүрін, әдеп ғұрпын білуіміз керек.
Осы негізде үш ауыл болып , айтылған мәселелер бойынша жинақтаған материалдарымызды
көрсетеміз.
Әрбір адам жас кезінен бастап Абай,
Шәкәрім, Мұхтардың өлеңдерімен сусындап, нәр алып келеміз. Сол себепті біз
I –ші қатар Абай
ауылы
II –ші қатар Мұхтар ауылы
III – ші қатар Шәкәрім ауылы болып бөлініп отырмыз.
Әр ауыл қазір өздерінің бүгінгі Ата
салтың- асыл қазынаң деген
тақырып бойынша
ізденген жұмыстарын көрсетеді.
Абай ауылы. Бұл
ауыл қазақтың дәстүрі бойынша ізденген жұмыс-
тарын көрсетеді.
Абай ауылының
ұраны: Салт-дәстүрін ел бұзбас
Уәде
сертін ер бұзбас.
Ассалаумағалейкум
халқым менің,
Ардақтап
дәстүріңлі, салтыңды елім.
Мереке басы
болсын берекенің,
Игі еңбектің
жемісін бәрің жегін.
1-оқушы. Сүйінші.Қуанышты хабар жеткізуші
адам сүйінші,
сүйінші деп келеді.Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал дейді.Немесе
оған риза болатындай сыйлық ұсынады.Бұл шын
қуанудың, ризашылықтың белгісі.
2-оқушы. Шашу. Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты
дәстүр.Бала дүниеге келгнеде, келін түскенде, құда келгенде,
осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен шашу шашады.
3-оқушы. Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын жуығына арнап
сақтаған кәлелі ет мүшелері сыбаға деп аталады.
Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.
4-оқушы. Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге
жиналып, жолаушылардың жолда басы ауыр-
масын деп бастаңғы жаса деп сол үйде ойын-сауық жасап, бас
қосуы.
5-оқушы. Ерулік. Басқа жнрден көшіп келген көршілерге сол жер
де бұрыннан тұратындар ерулік береді,яғни қонаққа шақырады.
6-оқушы. Тоқымқағар. Жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасала-
тын дәстүрлі бас қосу.Мұндайда арнаулы сойып немесе сыйлы
мүшелер салынып, ет асылып, кең дастархан жасалады. Ойын-
сауық құрып, өлең, жыр айтылады.
Ән: Қазақтың дастарханы.
-
Міне,
балалар, Абай ауылы бізге қазақтың салт-дәстүрі бойын
ша ертеде ата- бабамыз төріне төсеген
оюлы сырмақты сыйла-
ды
-
Ал,
енді Шәкәрім ауылына сөз кезкгін берейік. Бұл ауыл бізге
алаға байланысты салт- дәстүр туралы айтпақшы.
Ұраны: Салт-дәстүрді қастерлеп, сақтаймыз.
Біздер бұрын көрмеген,
Салт-дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп,
Заманымда өрлеген.
1-оқушы. Шілдехана. Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жас-
тары шілдеханаға жиналады. Өнерлі жастар таң атқанша жаңа
туған баланы, оның анасын ардақтап, ән салып, күй тартады.
әртүрлі ойындар ұйымдастырылады.
2-оқушы. Бесік той. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесік
ке салады. Бұл тойға жиналған ауылдың көрші-қолаңдары шашу
ларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы
үлкені, беделді әйелі бесік жабдығын орын- орындарына қояды.
содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.
3- оқушы. Қырқынан шығару. Қырық күн толған соң нәрестенің
сүт тырнағы мен қарын шашын алып, теңгелер салған ыдысқа қырық қасық су
құйып шомылдырады.
4- оқушы. Тұсау кесу. Бала қаз тұрып жүре бастағанда жасала-
тын салт- дәстүр. Бұл дәстүр бала құламай, аяғын тез басып жү-
ріп кетсін деген тілекпен жасалып, мынандай тілек айтылады:
Қаз-қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін, - деп, ала жіппен кеседі.
5- оқушы. Сүндет той. Сүндетке отырғызылған баланың құрметі-
не жасалады. Сүрднтке отыVII-VIII ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл
мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу
мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Ер баланы сүндетке
5,7 немесе 9 жасында отырғызған.
6-оқушы. Тілашар. Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға
икемделе бастаған кезде, тілі тез шығуы үшін дәстүрлі тілашар тойы ырымын жасайды.
Ән: Салт- дәстүр.
-
Міне,
балалар, Шәкәрім ауылы балаға байланысты жасалатын
салт-дәстүрді айтып, бізге шашуын шашты.( Әрбір дәстүр жазыл
ған кофеттер үлгісін тақтаға іліп отырады.)
-
Балалар,
халқымызбен бірге ежелден жасап келе жатқан, сана-
мызға жазылып қалған тыйым заңдары да бар.Бұл халқымыздың әдебі мен салт-
дәстүрінің бір бөлігі болып саналады.
-
Ендігі
кезекті осы тыйым сөздер жайлы таныстырып өту үшін
Мұхтар ауылына сөз берейік.
Ұраны: Ата- бабамыздың салт- дәстүрін жалғастырамыз.
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
1-
оқушы.
Босағада тұруға, табалдырықты басуға, есікті керуге
болмайды.
2-
оқушы.
Айға қолыңды шошайтпа.
3-
оқушы.
Екі бүйіріңді таянба.
4-
оқушы.
Қол жуған соң, қолыңды сілкіме.
5-
оқушы.
Ошаққа су құйма.
6-
оқушы.
Кеш батарда ұйықтама.
Туған жері- түп қазығы айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр салт санасы тірегі
Тағдырына шуақ шашып тұрады.
-
Міне,балалар
Мұхтар ауылы бізді тыйым сөздермен танысты-
ра отырып өздерінің сурет альбомдарын тарту етті.
3. Сабақты қорыту. Балалар, өздерің көріп отырғандай,бүгінгі
сабағымызда біз қазақтың салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен, тыйым сөздерімен
танысып өттік.Бұлардың барлығы қазақ халқының байлығы. Сондықтан оны ұмытпай,
сақтап жүру
сендердің міндеттерің.
Сламбекова Саулеш Тлекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№ 30 орта
мектеп
Семей қаласы
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.