" 7-сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар "
06.06.2016
3171
634
Есетова Құралай Закарияқызы
Есетова Құралай Закарияқызы
Қостанай обл , Лисаков қаласы,
№ 6 орта мектеп,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
7-сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі. Мұндай жұмыстар жүйесі үш деңгейлік тапсырмалардан тұрады.
Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылатын талаптар мынадай:
Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі тиіс.
Екіншіден, оқушының физио –психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға алынғаны жөн.
Үшіншіден, оқушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Төртіншіден, деңгейлік тапсырмалар қызықты, баланың ойлау қабілетін дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет.
Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жөн.
Деңгей тапсырмалары танымдық –іздену, алған білімді жинақтау, бекітуге бағытталады. Бұл тапсырмалар оқушылардың пәнге дәрежесінің жоғары болуымен, баланың өз жеке басының белсенділігімен өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға сай пайдалануымен сипатталады. Ол хабарлау; суреттеу; тілдік жағдайға, ортаға байланысты бейнелеу тапсырмаларын орындайды.
Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық – іздену түрдегі жұмыстарды іске асырып, өз бетімен орындайды. Оқушы үйренген сөздерінен, тіркестерден өзінше тұжырым жасауға ұмтылады.
Сонымен педагогика ілімінде қолданылатын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінің белгілі түрі және сапалы оқытуды ұйымдастыру формаларының жиынтығы,оқыту жүйесі.
№ 1
« Қазақ тілін үйренейік» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1.Берілген етістіктерді ауыспалы осы шақ формасына қойып жазыңдар.
қолдану, үйрену, түсіну, қастерлеу, аудару, қадірлеу, сөйлеу.
2. Сөздіктердің қандай түрлерін білесің? Сөздіктердің міндеттері қандай?
II деңгей
1. Берілген етістіктерді тұйық етістік формасына қойып жазыңдар.
Жап, жақ, төк, жай, жи, жу, оқы, қой, жекі, жүгір,жарыс, тексер.
2. Сан есімдерді қолданып, тақырыпқа сәйкес сөйлемдер құраңдар..
I деңгей
1. «Тілге құрмет- елге құрмет» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
2. « Тіл» тақырыбына мақал- мәтелдер айтып беріңдер.
.
№2
« Кітап- бағалы сыйлық» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Біріккен сөздермен сөйлемдер құраңдар.(қолшатыр, биыл, нарғызгүл)
2. Берілген тұйық етістіктерді септеңдер.
сатып алу, ұнату, жаттау
II деңгей
1. Ата- аналарыңа, достарыңа, мұғалімдеріңе құттықтау хат жазыңдар.
2. Лепті сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Мысалдар келтір.
I деңгей
1. «Кітап- бағалы сыйлық» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
2. Сыйлықты сыйлай білудің өзі - өнер.Берілген пікірге келісесіңдер ме?
Өз ойларыңды айтыңдар.
№3
« Менің әуес ісім » тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен еріндік дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңдар.
2. Термин сөздермен 5 сөйлем құрастырыңдар.
II деңгей
1. Көп нүктенің орнына өздік етіс жұрнақтарын қойып,көшіріп жаз.
Сауысқандай сақта... Шеш...ген судан тайынбас.
Қырандай қырағы бол. Досың сүй...сін.
Көп ізде...сең, Дұшпаның күй...сін.
Көрікті ой туады.
2. «Еңбек» тақырыбына мақал- мәтелдер айтып беріңдер.
I деңгей
1. Берілген сөздерді жіктеңдер: суретші, , зергер
2. «Менің әуес ісім» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
№4
« Киім » тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1.Берілген етістіктерді рай түрлеріне қойып жазыңдар.
кию, тазалау, жасарту, сақтау, ілу.
2. Ұлттық киімдердің түрлерін атаңдар.
II деңгей
1. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар. (сәнқой, ұқыпты)
2. Мектеп оқушысының киімі қандай болу керек? Өз ойларыңды айтыңдар.
I деңгей
1. Қазақтың ұлттық бас киімдерін атаңдар.
2. «Менің сүйікті киімім» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
№5
« Денсаулық » тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен сан есімдерді теріп, топтау сан есім жасаңдар.
2. Берілген қос сөздерді екі бағанға бөліп жаз. (қосарлама, қайталама?)
тау-тау , ата-ана, өз- өзінен, ата- баба, әрең-әрең, әке- шеше,әп- әдемі, қолма- қол, құрбы- құрдас, бір-біріне, азық- түлік, ағайын- туған, орынды- орынсыз, тату- тәтті, қысы- жазы, үш- үштен, үй- үйден, мақал- мәтел,көзбе-көз, биік- биік.
II деңгей
1. Демеуліктерді тауып, астын сыз.Оларды түрлеріне қарай ажырат.
Үйдің үлкені де, кішісі де – осы. Азамат болу үшін өмір сүрсек қой. Қолына тек домбыра берсең болды, шырқайды да кетеді. Өтірік пе, шын ба? Айтқанына сенгің келеді- ау, бірақ сөздері шындықтан алыс. Бала « азаматсың ғой » дегенге мерейленіп қалды. Ақындық пен әншілікті қатар алып жүру оңай емес. Өмірден өз орнын тапқан-ды.
2. «Денсаулық» тақырыбына мақал- мәтелдер айтып беріңдер.
I деңгей
1. «Денсаулық – зор байлық » тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
№6
« Ас – адамның арқауы» тақырыбы б\ша деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыр.
Өте дәмді, ұлттық тағам, ұзақ сақталады, дастарқан басында.
2.Септеулік шылауларды астын сызыңдар, түрін анықтаңдар.
Қымыз туралы оқыдық. Саумал қымыздан гөрі бесті қымыз бағалы
болады.Атам қымызды түске дейін ішті.
II деңгей
1.Берілген сөйлемдерді рет- ретімен жазыңдар.
Нан дастарханға қалай келеді?
1)Дүкеннен нанды сатып аламыз.
2) Диқандар көктемде егін егеді.
3) Элеваторда бидайдан ұн тартады.
4) Наубайшылар нандар пісіреді.
5) Күзде піскен егінді жинайды.
6) Бидайды элеваторға тасиды.
7) Элеватордан ұнды наубайханаға апарады .
2. «Асханада» тақырыбына диалог құрастырыңдар.
I деңгей
1. «Қымыз –бағалы сусын» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
№7
« Интернет» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. «Интернет» тақырыбы бойынша сөз тіркестерін құраңдар:
Зат есім + зат есім Зат есім + етістік
Сын есім + зат есім Есімдік + зат есім
Сан есім + зат есім
2. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңдар.
II деңгей
1.Сөздердің мағыналарын анықтаңдар:
интернет, интернет дүкені, модем, провайдер.
2. « Интернет » тақырыбына диалог құрастырыңдар.
I деңгей
1. «Интернет» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
2. Қауіпсіздік ережелерін білесің бе? Ауызша айтып беріңдер.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.