Главное меню

  • К списку уроков
Тәрбие сағатты 1 сынып. Тақырыбы: « Әліппемен қоштасу» мерекесі
29.10.2014 6282 628 Алибекова Керимбала Танирбергеновна

Шалдай жалпы орта  білім беру мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Алибекова К.Т

Мұғалім сөзі: 

Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Бүгін менің алдыма келген ақылды бүлдіршіндер білім бастауы – Әліппені бітіріп отыр. Мұғаліммен бірге оқушымен қоса Әліппені тауысқан ата-ана еңбегінің де жемісін көреміз. 
Олай болса той басталсын! 
 (Содан соң музыка әуенімен әр оқушы сахнаға жеке – жеке шақырылады). 
Мұғалім:   Өсті міне, бойларың, 
Өсті ақыл –ойларың. 
Қуанышқа ортақпын 
Құтты болсын тойларың! 

-Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек.Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?

Ханзада: Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым: Ханзада,мұның да бір себебі болар-ау!

Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?

Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.

Cиқыршы қыз: Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік иесінің бәрі ұйқыда

Ханшайым :Онда оларды оятайық.Сен оған көмектесші.

 «Ертегілер әлемі». Сиқыршы қыз ормандағы тіршілік иелерін оятады.

(Сахнада жайлы әуен ойналады. Ортаға Әліппе шығады)

Әліппе

Армысыздар,жас достар!

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

-Амансыздар ма.ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім.ендеше олар сізге көмек беріп қалар.

-Менің әр әрпімнің сыры бар.Іші толып толған ғажап.Қазір өздері де таныстырар.

 А: А дегенің ана ғой,

Ана деген дана ғой.

Ә: Әжем әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

 Б дегенің бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

Г: Гу деп алғаш бөбектер,

 Гуілдейді ақырын.

Ғ: Ғалым ғылым ғасырды,

Ғ білімге асырды.

О-кәдімгі дөңгелек

Кетпесін ол дөңгелеп.

В-әрпі.

Қосылса 13 арасы

Қандай әріп қарашы?

Ы-әрпі.

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

І-әрпі.

Ірімшікті жедің ғой

Тәтті екен дедің ғой

З-әрпі.

Қаздан көре аласың

Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап

Үш екен деп қаласың.

Ү-әрпі.

Үйрек десе-бірінші,

Бүйрек десе-екінші.

Г-әрпі.

Егіз десе-екінші,

Сегіз десе-үшінші

Ө-әрпі.

Өрікте сөздің басында

Бөрікте б-ның қасында.

П-әрпі.

Ата-анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Ф-әрпі.

Қос бүйірін таянып

Тұратын ол қай әріп. 

(Әр әріп өздерін таныстырған сайын ағаш жеміс бере бастайды)

Жүргізуші:Ханзада мен ханшайым міне,көрдіңіздер ме,Әліппенің арқасында алма ағашымыздың жеміс бергенін.

Ханшайым:Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді. Әліппе,сізге көп рахмет!

Ханзада :Әріптер,көп-көп рахмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер Әліппе,сенің әріптерің енді «Әліпби» елінің тұрғындары болсын. Алма ағашын да бірге қарап,жемісін бірге жемейміз бе?

Жүргізуші:Әліппе,біздің балалар,сізге ризашылығын,рахметін айтқысы келеді.

(Балалар тақпақтарын айтады)

: Әліппем, менің Әліппем, 
Сені қолға алып мен, 
Есігін аштым білімнің, 
Ертеңгі сәуле жарықпен. 
: Ыстық әрбір беттерің, 
Жазуыңды ұғамын. 
Ақыл бердің Әліппе, 
Ақылды сен, мұғалім! 
"Әліппе " әні 

Балалар Әліппе сендердің білімдеріңді сынағалы отыр .Дайынсыңдар ма?

1 оқушы: Оқу -кеме,білім -теңіз.

               Барар жерге тез жетеміз.

                 Адаспаймыз ұлы жолда ,

                Ұстаз берген білім қолда.

Әліппе:    -Бірінші мынандай жұмбақ

                       Айтамыз, естейміз,

                       Көреміз,жазамыз.

                           Бұл не?

                                       ( Дыбыс пен әріп)

2 тапсырма: «Қызықты  дыбыстар мен әріптер».

             ағаштар,гүлдер,көгершіндер,әріптер.

Балалар мынасөздердегі  әріптердің, дыбыстарын атайық.

3- тапсырма: Дыбыстық талдау.

                   Мектеп, ұстаз, ана,дыбыс,әріп.

4-тапсырма:Ойын «Әріптерден сөз құра»

р,қ,а. Қар          а,л,а,б.  Балал     а,л,а,қ. Қала  с,б,қ,а,а. Сабақ    т,л,а.Тал.

о,у,қ,ш,ы. Оқушы             м,к, е,т,е,п.  Мектеп      і,і,л,б,м. Білім

Балалар сендер берілген тапсырманы дұрыс орындадындар.

Әліппе: Ойын  ойнасақ қалай қарайсыңдар? : «Кім шапшаң?» ойыны

5 тапсырма: Мына суреттегі заттарды ата.Сөздерді буынға бөл.

Балалар.көбелек,ағаш,кітап,жолбарыс,жұлдыз.

6 -тапсырма. «Адасқан буындар» 

Ба-        лық, Жа-      лау,  Та-        лап,   қа-    лам.

Жа-    зу,    са-     бақ.

" Қош бол, құтты Әліппем," әні 
Бәрі: Рахмет, саған, Әліппе!

Әліппе:Рахмет,балалар!Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді,сауатты жаздырып,мәнерлеп оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Ал,қош болыңдар! Әрдайым биіктерден көрініңдер!

Аяулым: Ал, балалар өз ұстаздарыңа қандай сөздер айтасыңдар? 
Мақсат: Тілін де аламын, 
Айтқанын ұғамын. 
Өзіңдей боламын 
Ақылшым, мұғалім! 
Ертарғын: Сәбилік көңілден 
Арналды жыр, әнім, 
Баулитын өмірге, 
Ақылшым, мұғалім. 
Ертарғын: Атағым Алатаудай болсын биік 
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп. 
Алдында әрқашанда тағзым етіп, 
Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп. 
Ән: « Мұғалім ол біздің» 

 «Қошақаным» әні – Айым. 

( Әуен ойналып ортаға, Шимұрын келеді

Шимұрын: Армысыңдар,жас достар!Мен Шимұрынмын! Сендердің дауыстарыңды естіп осында келдім. Естуімше,сендер бүгін әліппемен қоштасып жатырсыздар демек,енді сендер «Ана тілі» деген оқулық оқитын боласыңдар.әліппеден алған білімдеріңді жалғастырып, өздерің жемісінің гүлденуіне көмек берген алма ағашының жемісін ары қарай көбейтуге атсалысасыздар.Сіздер менің айтқаныма келісесіздер ме?

Хормен: Иә.

Шимұрын: Ана тілің-арың бұл,

                  Ұятың боп тұр бетте.

                   Өзге тілдің бәрін біл,

                    Өз тіліңді құрметте!

-Ендеше, мен сендерге сиқырлы сандықтан сыйлыққа «Ана тілі» оқулығын берейін! Және білімнің алтын кілтін тапсырамын!

Жүргізуші:Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ата-аналар қаттырақ қол соғындар,

Бишілердің билері қандай жақсы.

Жүргізуші:Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол.Сондықтан да бәріміз де ата-аналарымызға рахмет айтайық!

Ата-анаың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің — деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.

Жүргіуші: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Әліппеге мың алғыс» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Зер салып,тыңдағандарыңызға рахмет!!!

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.