Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 2-сыныпта оқушылардың алған
білімдерін бекіту. Ойын арқылы оқушылардың дене мүшелерінің атауларын
қайталатып, меңгерту. Ұ және ү әріптерін орынды қолдануды үйрету.
Тәрбиелік: Дене мүшелерін әрқашан таза
ұстауларына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу. Тазалық тақырыбына
тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау
қабілетін дамыту. Не істеді? деген
сұраққа дұрыс жауап беруге баулу.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың
мақсатын барысын түсіндіру.
ІІІ. Сабақты
бекіту.
ІV. Үйге тапсырма.
1.
1-тапсырмадағы мәтін бойынша айтылым әрекетіне жұмыс жасату. Тапсырманы барлық
оқушыларға орындату.
2. ІІ жақта
сөйлеп үйрету үшін өзінің досы туралы айтқызу. 2-тапсырманы жұптық түрде
орындату.
3.
3-тапсырмадағы аударма мақсатында берілген сөйлемдер арқылы сұраққа жауап бере
білу әрекетін жетілдіру үшін жұмыс жасату.
4.
Оқушылардың оқылым әрекетін және қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру үшін
4-тапсырманы орындату.
5. Жазылым
әрекетін 5-тапсырма арқылы жалғастыру. Оқушылардың сөз тіркестерін дұрыс құрау
қабілетін ұштау.
6.
Оқушылардың тілдесім әрекетін жетілдіру мақсатында 6-тапсырмада берілген
сөйлемдерді толықтыру. Үндестік заңын пысықтау.
7.
7-тапсырмадағы сөздерді ұ және ү әріптерін орынды қолдану арқылы сауаттылықты
бекіту мақсатында орындату. Тапсырманы бірінші ауызша орындату, кейін жазбаша
жұмыс арқылы бекіту. Үлгі эталонын ұсыну.
Ү л г і э т а л о н ы тұр, мұрын, жүр, құлақ, құлақшын, үлкен, күн |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.