Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өзі, өз отасы туралы айта
білуге машықтандыру. 2-сыныпта алған
білімдерін жаңғыртып, сөйлесу әрекетіне жетелейтін тіл бірліктерін қолдану
арқылы тілдесім әрекетіне баулу.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу
дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын
ояту.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, дұрыс
қарым-қатынас жасай білуге баулу.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың
мақсатын барысын түсіндіру.
ІІІ. Сабақты
бекіту.
ІV. Үйге тапсырма.
1. Сөздік
жұмысын қайталап алып, 1-тапсырмадағы диалог арқылы айтылым әрекетін
жандандыру. Тапсырманы жазбаша да жалғастыруға болады.
2.
Оқушылардың тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 2-тапсырмадағы көп нүктенің
орнына керекті сөздерді қою арқылы жұмыс жасату.
3.
Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін І және ІІ жақтарда
аудармалық жұмыс жасату арқылы айтылым әрекетін шыңдау.
4.
4-тапсырмадағы сұрақ-жауап арқылы оқушыларды сұрақ қоя білу әрекетіне баулу. Әр
оқушының өз атасы туралы айтып беруін талап ету.
5.
Әдептілік сауаттылығын бекіту мақсатында 5-тапсырманы ауызша орындату.
Тапсырманы жеке-жеке әр оқушыға қайталату.
6.
Грамматикалық тапсырманы қайталау үшін 6-тапсырманы ауызша және жазбаша
орындату. Ережені оқушылардың есіне салып, өздеріне айтқызу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.