Сөйлем түрлерін қайталау
Лермонтов атындағы №17 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі,
Шымкент қаласы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні:
Пән: қазақ тілі
Сынып: 8 «а»
Жас мөлшері: 13-14
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлерін қайталау
Сабақтың мақсаты: Сөйлемдің құрамдық түрлерін қайталау
Күтілетін нәтиже: сөйлем түрлерінен өткенді қайталап, білімдерін тиянақтайды. Жай сөйлем және құрмалас сөйлемдерді ажырата біледі
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, диалогті оқыту, Сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру стратегиясы, жоба жасау және қорғау
Модульдің кіріктірілуі: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, ОҮБ және ОБ, Талантты және дарынды оқушыларды оқыту,АКТ-ны қолдану, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: АКТ, А4 форматты қағаздар, постер, кеспе қағаздар
Сабақ түрі: кіріккен
Сабақтағы жұмыс түрі: жеке, топтық, жұптық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, химия, биология
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Түсіндірмелер | |
Мотивация кезеңі Ұйымдастыру,оқушылардың сабаққа көңілін аудару |
«Мұғалім –оқушы» диалогіне қатысу |
Диалогті оқыту
| |
Топтық жұмысқа дайындайды
|
Түрлі кеспе қағаздар арқылы топтарға бөлінеді |
«Жай сөйлем», «Салалас құрмалас сөйлем», «Сабақтас құрмалас сөйлем», «Аралас құрмалас сөйлем» топтары құралады | |
Блум таксономиясын қолдану арқылы жұмыс | |||
Білу және түсіну |
Берілген тақырыптары бойынша тірек сызбалар, постер жасау және қорғау |
Критериалды бағалау Жеке және топтық жұмыс | |
| |||
Қолдану және талдау |
Кеспе қағаздардағы тапсырмалармен жұмыс «Оқушы-оқушы» диалогі |
Жұптық жұмыс және жұптық бағалау | |
Сергіту сәті |
Топтар бір-біріне хат жазып, тілектер жолдайды. |
| |
Жинақтау және бағалау Пән атауларын топтарға таратады. Пән атаулары: биология, химия, әдебиет, тарих. («Аралас құрмалас сөйлем» тобына биология пән атауы түссе, суреттегі көріністі биологиялық терминдермен аралас құрмалас сөйлем құрай отырып, мәтін құрастырыру керек.) |
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы желісімен суреттелген суреттен тиісті пән терминдерімен байланыстыра отырып, сөйлемдер немесе мәтін құрайды. | ||
Кері байланыс |
Нені оқыды? Нені білді? Нені жасай алды? Сұрақтарына жауап береді. |
Рефлексия ,стикер | |
Үйге тапсырма беру |
«Аққу - көлдің төресі». Эссе жазу |
| |
Рефлексивті есеп
Не сәтті өтті? Не сәтсіз өтті? Қандай кедергі болды? Кедергіні жоюдың қандай жолы бар?
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.