Мектеп демалысы. Диалог.
Сабақтың тақырыбы:
Мектеп демалысы. Диалог.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
диалогты түсіндіру, сауатты сөйлеу мен
жазуға үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в)
тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: диалогты меңгеру,
мектеп демалысы туралы өз ойын
айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Модуль бойынша өткенді қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма.
«Мектеп демалысы» мәтінімен топтық
жұмыс.
1. мәтінді оқиды
2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды
3. мәтінді мазмұндайды
4. мәтіндегі қиын және тірек сөздерді
табады
2- тапсырма. Берілген диалогты өзің, кейін көршіңмен оқып,
мағынасын түсіндір.
Үлгіге қарай отырып,
өзің диалог құрастыр.
3 - тапсырма. Берілген
сұрақтарға жауап беру арқылы диалог құрастыр.
Ережемен жұмыс
Диалог - екі немесе одан да көп адамның
сөйлескен сөзі. Мысалы:
- Сен жазда
қайда барасың?
- Мен жазда
атам мен әжеме барамын.
- Олар қайда
тұрады?
- Олар ауылда
тұрады.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
1-тапсырма («Мектеп демалысы» мәтінін мазмұндау).
Өздері таңдаған
тақырыпқа диалог құрау.
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа
қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.