Болаттың белгісі. Диалог.
Сабақтың тақырыбы:
Болаттың белгісі. Диалог.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
диалогты түсіндіру, сауатты
сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және
жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік:
өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: диалогты меңгеру,
әңгіме туралы өз ойын
айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Менің ауылым»
тақырыбына реферат жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. «Болаттың белгісі» мәтінімен топтық жұмыс.
1. мәтінді оқиды
2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды
3. мәтінді мазмұндайды
4. мәтіндегі қиын және тірек сөздерді
табады
2- тапсырма.
Бірінші бағандағы сөздерді мағынасына
қарай екінші бағандағы сөздермен
сәйкестендіріп жазыңдар.
3 - тапсырма.
Мәтін мазмұны бойынша диалог
құрастырыңдар.
Ережемен жұмыс
Диалог - екі немесе одан да көп адамның
сөйлескен сөзі. Мысалы:
- Сен жазда
ауылға барасың ба?
- Иә, мен
жазда ауылға барамын.
- Ауылда кім
тұрады.
- Ауылда атам
мен әжем тұрады.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
1-тапсырма
(«Болаттың белгісі» мәтінін мазмұндау).
Өздері
таңдаған тақырыпқа диалог құрау.
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа
қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.