Жазғы саяхат. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Сабақтың тақырыбы:
Жазғы саяхат. Сөйлемдегі сөздердің орын
тәртібі.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін
түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен
жазуға үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін,
жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгеру, жазғы саяхат туралы өз
ойын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Жазғы еңбек»
тақырыбында әңгіме айтуға дайындалу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып оқыңдар.
Б...з
с...ға түстік. С ... өт... ж ... лы
болд ... . Б ... з шөлд...п, шай
ішт ... к.
2 - тапсырма.
Сөйлемдерден сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
Жазда мен ағаммен бірге Астанаға бардым.
Астананы мен бірінші рет көрдім.
Астана - үлкен қала. Жазғы Астана өте
әдемі екен. Көшелерде неше түрлі гүлдер өсіп тұр. Ағаштары көп, биік. Қаланың
қасында өзен бар. Маған Астана өте ұнады.
3 - тапсырма.
Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
- Жазда
ауылға бардың ба?
- ... .
- Көл жағасында болдың ба?
- ... .
- Ауылдағы
адамдар қандай жұмыстар істеді?
- ... .
Ережемен жұмыс
Қазақ тілінде сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібі бар:
бастауыш сөйлемнің басында, баяндауыш
сөйлемнің аяғында тұрады. Мысалы:
Біз жазда өзенге шомыламыз.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
«Жазғы саяхат»
тақырыбына әңгіме жазу.
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа
қатысы бойынша бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.