«Қай күн?» ойыны. Реттік сан есім.
Сабақтың тақырыбы:
«Қай күн?» ойыны. Реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
сан есім
мен реттік сан есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен жазуға
үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в)
тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: реттік сан
есімді меңгеру, уақытты бағалай білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 - тапсырма
(мақал - мәтелдерді жаттау). Болжалдық сан есімдерге 5 сөйлем құрау.
Қатемен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
2 - тапсырма.
Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Реттік
сан есімдерді табыңдар.
3 -
тапсырма. Сөйлемдерді оқу арқылы «Қай күн?» ойынын ойнаңдар.
Өз ойларыңды
білдіріңдер.
1. Дүйсенбі - ең ауыр күн, себебі ... .
2. Сейсенбі - ең жеңіл күн, себебі ... .
3. Сәрсенбі - сәтті күн, себебі ... .
4. Бейсенбі - спорт күні, себебі ... .
5. Жұма
- қасиетті күн, себебі ... .
6. Сенбі - тазалық күні, себебі ... .
7. Жексенбі - демалыс күні, себебі ... .
Ережемен жұмыс
Сан есім - заттың санын, мөлшерін білдіретін
сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?
Реттік сан есім: бірінші, екінші, оныншы, алтыншы,
т.б.
Жұрнақтары:
-ыншы, -інші, -ншы, -нші. Сұрағы: нешінші?
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
Уақыт
өлшемдері туралы сөзжұмбақ құрау.
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа
қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.