Уақыт алтыннан қымбат. Болжалдық сан есім.
Сабақтың тақырыбы:
Уақыт алтыннан қымбат. Болжалдық сан есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
сан есім мен болжалдық
сан есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен жазуға
үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық
көзқарастарын
қалыптастыру;
в)
тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, мақал - мәтелдер,
жұмбақтар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: болжалдық сан
есімді меңгеру, уақытты бағалай білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3 - тапсырма
(әр деңгейдің 3 тапсырмасы)
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Уақыт туралы мақал-мәтелдерді оқу, мағынасын ашу.
1.
Елу
жылда ел жаңа.
2.
Уақыт
тас екеш, тасты да тоздырады.
3.
Заманың
түлкі болса, тазы болып шал.
4.
Мезгілсіз
таң атпайды, уақытсыз жан шықпайды.
5.
Ештен
кеш жақсы.
2 - тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден болжалдық сан есімдерді
табыңдар.
3 - тапсырма. Жұмбақтар
шешу
1.
Жер үстінде бір бәйтерек, 2. Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,
Оның он екі бұтағы бар. Мезгілімен ашылып және жаппақ.
Әрқайсысында отыз жапырақ, Болғанда бірі қара,
екіншісі -
Отызының бір жағы ақ, бір жағы
қара. Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.
(жыл, ай, күн, күн
мен түн)
( күн мен түн )
Ережемен жұмыс
Сан есім - заттың санын, мөлшерін білдіретін
сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?
Болжалдық сан
есім: бірлеген, бірлеп, бірдей, бірлерде, бірге жуық, т.б.
Жұрнақтары: -лаған,
-леген, -даған, -деген, -таған,-теген
-лап, -леп, -дап, -деп,
-тап, -теп
-дай, -дей, -тай,
-тей , есептік сан есім + көптік жалғауы
+ жатыс септік
жуық, шамалы, қаралы,
тарта, астам сөздері
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
1 - тапсырма (мақал - мәтелдерді жаттау).
Болжалдық сан есімдерге 5 сөйлем құрау.
VІ.
Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша
бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.