Қанша? Неше? Есептік және реттік сан есімдер.
Сабақтың тақырыбы:
Қанша? Неше? Есептік және реттік сан есімдер.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
есептік және реттік
сан есімдерді түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен жазуға
үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в)
тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, кесте
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, тірек-сызба
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: есептік және реттік сан есімдерді меңгеру,
уақыт туралы өз
ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 - тапсырма
(Сөйлесуді жаттау)
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Бір - бірлеріңе сұрақ
қойып, жауап беріңдер.
2 - тапсырма.
Сызбалар бойынша әңгіме
құраңдар. Әңгімеге ат қойыңдар.
Есептік және
реттік сан есімдерді қолданыңдар.
3 -тапсырма.
Кестеге қарап, уақытты дұрыс
құрап үйреніңдер. Сөйлесу
құраңдар.
Сағат қанша?
1. сан есім +
-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен + сан есім кетті.
2. сан есім +
- ға , -ге, -қа, -ке + сан есім қалды.
3. сан
есім + жарым.
4. тура + сан
есім.
Ережемен жұмыс
Сан есім - заттың санын, мөлшерін білдіретін
сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?
Есептік сан
есім: бір, он жеті, жүз отыз үш, т.б. Сұрағы: қанша? неше?
Реттік сан
есім: бірінші, он жетінші, жүз отыз үшінші, т.б. Сұрағы: нешінші?
Жұрнақтары: -ыншы, -інші, -ншы, -нші
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
4 - тапсырма
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.