Уақыт. Сан есім, құрамдық түрлері.
Сабақтың тақырыбы:
Уақыт. Сан есім, құрамдық түрлері.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
сан есім
мен оның құрамдық түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен жазуға
үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін
сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, тірек-сызба
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сан есімді меңгеру,
уақыт туралы өз
ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тоқсан бойынша
өтілген тақырыптарды еске түсіру.
Көктемгі
демалысты қалай өткізгендерін сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.
- Сағат неше
болды?
- Сағат екі.
-Мектепте
сабақ нешеде басталады?
Мектепте сабақ
сегізде басталады.
2 – тапсырма.
Сызбаны сан есімдермен
толықтырып жазыңдар.
Уақыт
Ғасыр ... жыл
Жыл ... ай
3 - тапсырма. Өрнекті үлгі
бойынша сөзбен жазыңдар.
Ережемен жұмыс
Сан есім - заттың санын, мөлшерін білдіретін
сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?
Құрамына
қарай: 1. дара: бір, он, жүз, т.б.
2. күрделі: он
бір, жүз жиырма, т.б.
Тұлғасына қарай: 1. негізгі: үш, бес, он сегіз, т.б.
2. туынды:
үшінші, бесеу, он сегіздей, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
1 – тапсырма (Сөйлесуді жаттау)
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.