Сабақтың тақырыбы:
Наурыз мерекелері. Себеп үстеу.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
себеп үстеуді
түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен жазуға үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в)
тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: себеп
үстеуді меңгеру, наурыз
мерекелері туралы өз
ойларын айта
білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырма
(«Аққу» мәтінін мазмұндау). Қатемен жұмыс.
Таңдаған бір
құс туралы күшейткіш үстеулерді қатыстырып,
әңгіме жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма.
Сөздікте берілген етістіктермен себеп үстеулерді қатыстырып,
сөйлем
құраңдар.
өткізу,
сыйлау, шақыру, дайындау, құрметтеу
2 - тапсырма.
Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Үстеулерді теріп жазып, морфологиялық
талдау жасаңдар.
- Наурызда
қандай мерекелер бар?
- Наурызда
Аналар мерекесі мен Наурыз мейрамы бар.
- Осы
мерекелер қалай өтеді?
- Осы мерекелер жақсы, көңілді өтеді.
3 - тапсырма.
Сөздерді тиісті орнына қойып,
сөйлемдер құраңдар.
1.
Анама,
сыйлаймын, гүл, мен.
2.
Әпкеме,
сатып, алып, бұйымдар, бердім, зергерлік.
3.
Кітап,
сыйладым, қарындасыма.
Ережемен жұмыс
Үстеу – заттың, қимылдың жай-күйін, мезгілін,
т.б. білдіретін сөз табы.
Себеп
үстеу - іс-қимылдың себебін
көрсететін үстеудің түрі. Мысалы: шарасыздан, амалсыздан, бостан-бос,
құр босқа, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар
қою арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
«Наурыз мерекесі» туралы үстеулерді
қатыстырып, сөйлесу құрау.
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау