Бұл кімдер? Сын есім
Сабақтың тақырыбы:
Бұл кімдер? Сын есім
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
сын есім,
оның түрлерін түсіндіру, сауатты
сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық:
ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в)
тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сын есімді меңгеру,
мамандық иелері туралы өз
ойларын айта
білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2 – тапсырма
(Деңгейлік тапсырмалардың 3 тапсырмасы)
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Көп нүктенің
орнына тиісті сөздерді
қойып жазыңдар.
... балаларды емдейді.
...
балық аулайды.
...
үй салады.
... балаларды оқытады.
... тамақ
дайындайды.
... азық – түлік сатады.
... көлік
жүргізеді.
2 – тапсырма. Сөздерге
–шы, -ші жұрнақтарын жалғап, өткен шақта сөйлем
құрастырыңдар.
3 – тапсырма.
«Бұл кімдер?» өлеңін мәнерлеп
оқып, аударыңдар.
Етістіктің шақтарын
анықтаңдар.
Ережемен жұмыс
Сын есім
Заттың сынын, сапасын, түсін, түрін, көлемін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: қандай? қай?
1. Құрамына қарай (2):
А) дара сын есім: сары, үлкен, кең, т.б.
Б) күрделі сын есім:
1. біріккен: алқызыл
2. қосарланған: үлкен -кіші
3. тіркескен: қызыл ала
2. Тұлғасына қарай (2):
А) негізгі сын есім: биік, әдемі
Б) туынды сын есім: таулы, еріншек
3. Мағынасына қарай (2):
А) Сапалық сын есім: тәтті, тұщы, тар, ыстық
Б) Қатыстық сын есім:
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
3 – тапсырма
(«Бұл кімдер?» өлеңін
жаттау)
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа
қатысы бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.