Нан дастарқанға қалай келеді? Барыс септігі
Сабақтың тақырыбы:
Нан дастарқанға қалай
келеді? Барыс септігі
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
барыс
септігін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін,
жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: барыс септігін меңгеру,
нан туралы өз ойларын
айта білу; Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3 – тапсырма
(«Мамандықтар» мәтінін мазмұндау). 4 –
тапсырма.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма.
«Нан дастарқанға қалай келеді?» мәтіні бойынша топтық
жұмыс.
1.
мәтінді
оқиды
2.
мәтін
бойынша сұрақтар мен жоспар құрайды
3.
мәтінді
мазмұндайды
4.
мәтіндегі
тірек сөздерді табады.
5.
суреттер
бойынша сұрақтарға жауап береді
2 – тапсырма.
Нан туралы мақалдар мен нақыл сөздерді
оқып, мағынасын түсіндіріңдер.
1.
Еңбектің наны – тәтті,
Жалқаудың жаны – тәтті.
2.
Ас атасы – нан.
3. Нан – қасиетті тағам.
4. Нанды
қастерле!
3 – тапсырма.
Төмендегі етістіктерді осы шақта
жазыңдар.
4 – тапсырма.
«Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңін рөлге
бөліп оқыңдар.
Ережемен жұмыс
Барыс септігі
Сұрақтары:
кімге? Неге? Қайда?
Жалғаулары:
-ға, -ге,-қа,-ке,-а,-е;
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
1 – тапсырма
(«Нан дастарқанға қалай келеді?» мәтінін мазмұндау)
2 – тапсырма
(Нан туралы мақалдар мен нақыл сөздерді жаттау)
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа
қатысы бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.