«Айқұлақ» ұлттық ойыны. Тұйық етістік.
Сабақтың тақырыбы:
«Айқұлақ» ұлттық ойыны.
Тұйық етістік.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
тұйық етістікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық: ауызша
және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік:
өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: тұйық
етістіктерді меңгеру,
айқұлақ ойыны туралы өз
ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырма
(«Асық ойыны» мәтінін мазмұндау).
Мәтіннен жіктік жалғауы бар сөздерді табу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма.
«Айқұлақ ойыны» мәтінімен топтық жұмыс.
1.
Мәтінді
оқу
2.
Мәтін
бойынша сұрақтар құрау
3.
Мәтінді
мазмұндау
4.
Мәтіндегі
тірек сөздерді табу
5.
Мәтіннен
тұйық етістіктерді табу
2 –
тапсырма. Берілген етістіктерді
тұйық етістік тұлғасында жазыңдар.
3 – тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлесу құраңдар.
Ережемен жұмыс
Тұйық
етістік –у жұрнағы арқылы
жасалады. Мысалы: жасау, келу, бару, т.б.
Тұйық етістік
септеледі, көптеледі, тәуелденеді.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V. Үйге
тапсырма
1 – тапсырма
(«Айқұлақ ойыны» мәтінін мазмұндау).
Тұйық
етістігі бар мақал – мәтелдер жазу.
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа
қатысы бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.