Төрт түліктің пайдасы. Есімдік.
Сабақтың тақырыбы:
Төрт түліктің пайдасы. Есімдік.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
есімдікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в)
тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: есімдіктерді меңгеру, төрт түлік
туралы өз ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен
модульді қайталап, еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма.
Суреттер мен сөйлемдерді пайдалана отырып, диалог құраңыз.
Түйе боздайды, боталайды.
Жылқы
кісінейді, құлындайды.
Сиыр мөңірейді, бұзаулайды.
Қой
маңырайды, қоздайды.
Ешкі
маңырайды, лақтайды.
2 – тапсырма.
Төмендегі сөздерге сілтеу есімдіктерін
қосып, сөз тіркестерін құраңыз.
Үлгі: сол бұзау, мына жылқы
Бұзау, лақ, бота, жылқы, сиыр,
қой, ешкі.
3 – тапсырма.
Сөзге тиісті жұрнақтарды жалғап
жазыңдар.
Үлгі: бұзау+дікі
Қой
Сиыр нікі, дікі, тікі
Қозы
Ешкі
Ережемен жұмыс
Есімдік – есім сөздердің орнына (зат
есім, сын есім, сан есім) қолданылатын сөз табы. Мысалы: Мен бесінші
сыныпта оқимын.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
1 – тапсырма.
(Берілген сөйлемдерді жаттау)
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа
қатысы бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.