Ана аю. Сапалық және қатыстық сын есім.
Сабақтың
тақырыбы: Ана аю. Сапалық және қатыстық сын есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
сапалық және қатыстық сын есімдерді түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен
жазуға үйрету;
б)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық
көзқарастарын
қалыптастыру;
в)
тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сапалық және қатыстық
сын есімдерді меңгеру, ана аю туралы өз
ойларын айта
білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3 – тапсырма
(«Қысқы киім» тақырыбына шығарма жазыңдар)
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма.
«Ана аю» мәтінімен топтық жұмыс.
1.
Мәтінді
оқиды
2.
Мәтін
бойынша сұрақтар мен жоспар құрайды
3.
Мәтінді
мазмұндайды
4.
Мәтінді
аударады.
5.
Сын
есімдерді табу.
2 – тапсырма. Суреттер
бойынша сын есімдерді қатыстырып,
әңгіме құраңдар
3 – тапсырма.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлем құраңдар.
Ережемен жұмыс
Сын есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
1.
сапалық сын есім: әдемі, қатты, т.б.
2.
қатыстық сын есім: қысқы, тәуелсіз,
таулы, аудандық, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
1 – тапсырма («Ана аю» мәтінін мазмұндау).
VІ.
Бағалау бөлімі
Сабаққа
қатысы бойынша бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.