Отан. Тәуелдік жалғау.
Сабақтың тақырыбы:
Отан. Тәуелдік жалғау.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
тәуелдік жалғауын
түсіндіру , сауатты жазуға
және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды
өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: тәуелдік жалғауын меңгеру, Отан
жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген моульді
еске түсіру, пысықтау.
ІІІ.
Жаңа сабақ
1- тапсырма. «Отан» өлеңін мәнерлеп
оқу.
Отан-сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
(Б.Ысқақаов)
2-
тапсырма. Отан, өлке, сабақ сөздерін
тәуелдеу.
Бес
жолды өлең
1. Зат есім – Отан
2. Сын есім –
ыстық, кең-байтақ
3. Етістік –
дамиды, сүйеміз, қорғаймыз
4. Сөйлем –
Біз Отанымызды қорғаймыз.
5. Синоним –
туған жер, атамекен
Ережемен жұмыс
Тәуелдік
жалғауы
І жақ. Менің
–ым, -ім, -м Біздің - ымыз, -іміз, -мыз, -міз
ІІ ж. Сенің -ың, -ің, -ң Сендердің -ың, -ің, -ң
Сіздің
- ыңыз, -іңіз, Сіздердің -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
- ңыз, -ңіз
ІІІ ж. Оның
-сы, -сі, -ы, -і Олардың -сы, -сі, -ы, -і
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
1 – тапсырма
(«Отан» өлеңін жаттау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты
қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.