Менің қалам. Шығыс және көмектес септіктері.
Сабақтың тақырыбы: Менің
қалам. Шығыс және көмектес
септіктері.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
шығыс,
көмектес септіктерін түсіндіру , сауатты жазуға
және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: шығыс және көмектес септіктерін
меңгеру, Алматы қаласы
жөнінде өз пікірін
айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Қатемен жұмыс. Өз қаласындағы немесе ауылындағы ең
көрнекті жер туралы сурет салу және әңгімелеу.
ІІІ.
Жаңа сабақ
Сөздік
оңтүстік –
юг солтүстік – север
батыс –
запад шығыс –
восток
Суреттер
бойынша «Қалада не бар?» сұрағына жауап беріңдер.
1 – тапсырма.
«Алматыда» мәтінін оқып, сұрақтар қойыңдар. Мәтінді мазмұндаңдар.
2 – тапсырма.
Суреттер бойынша диалогты толықтырып оқыңдар.
3- тапсырма.Суреттер бойынша
әңгіме құрастырыңдар.
1.
Қаланың
солтүстігі
2.
Қаланың
оңтүстігі
3.
Қаланың
батысы
4.
Қаланың
шығысы
Ережемен
жұмыс
Шығыс септігінің
сұрақтары: кімнен? неден? қайдан?
Жалғаулары:
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. Мысалы: оқушыдан, көшеден, т.б.
Көмектес септігінің
сұрақтары: кіммен? немен? қалай?
Жалғаулары: -мен,
-бен, -пен. Мысалы: оқушымен, кітаппен, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
«Менің ауылым»
тақырыбында әңгіме жазу. 4- тапсырма.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты
қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.