Метро деген не? Ілік және барыс септіктері.
Сабақтың тақырыбы: Метро
деген не? Ілік және барыс
септіктері.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
ілік және барыс
септіктерін түсіндіру , сауатты жазуға
және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып,
танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі
ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: ілік және барыс септіктерін меңгеру, Алматы қаласы
жөнінде өз
пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
2-тапсырманы
сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс
қонақ үй –
гостиница ескерткіш -
памятник
сауда –
торговля мұражай -
музей
1-тапсырма.
Жоғарыдағы сөздікті пайдаланып, диалогты толықтырыңдар.
2 – тапсырма. «Метро
деген не?» мәтінін оқып, сұрақ құрау. Ілік және барыс септігінде
тұрған зат есімдерді теріп жазыңдар.(суреттермен
жұмыс)
3-тапсырма. Суреттер
бойынша әңгіме құрау.
Бес жолды өлең
1. Зат есім –
қала
2. Сын есім –
әдемі, үлкен
3. Етістік –
қыдырамын, гүлденеді, бой көтереді
4. Сөйлем –
Әдемі қалада үлкен ғимараттар бой көтереді.
5. Синоним –
шаһар, кент
Ережемен жұмыс
Ілік
септігінің сұрақтары:
кімнің? ненің?
Жалғаулары:
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің. Мысалы: оқушының, көшенің, т.б.
Барыс септігінің
сұрақтары: кімге? неге?
қайда?
Жалғаулары:
-ға, -ге, -қа, -ке, -на, - не, -а, -е. Мысалы: оқушыға, көшеге, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
2-тапсырма (Мәтінді мазмұндау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты
қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.