Көмек
Сабақтың тақырыбы: Көмек.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
көптік
жалғауын қайталау, сауатты жазуға
және сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,
достыққа адал болуға,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөз тізбегі
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, топшамалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: көптік жалғауын
меңгеру, өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
Әңгімені
тексеру
ІІІ.
Жаңа сабақ
«Кім жылдам» ойынын ойнату.
Шарты: Сұрақтарға тез-тез жауап беру, сол бойынша ұпай жинау.
- Қазақ тіліне тән дыбыстар.
- Жуан дауыстыларды ата.
- Жіңішке дауыстыларды ата
- Қатаң дауыссыздарды ата.
- Ұяң дауыссыздарды ата.
- Үнді дауыссыздарды ата.
- Буын туралы айт.
- Көптік жалғауларын ата
- Тәуелдік жалғауларын жаз
- Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары.
- Жалпы және жалқы есім.
- Дара және күрделі зат есім.
1-тапсырма.
«Көмек» мәтіні бойынша топтық
жұмыс.
1.
Мәтінді
оқу
2.
Мәтін
бойынша сұрақ және жоспар құрау
3.
Мәтіннен
көптік жалғаулары бар сөздерді табу
4.
Мәтінді
мазмұндау
5.
Мәтінді
аяқтау
2-тапсырма.
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап, сөйлем құраңдар.
Көмекші,
қолғанат, күрек, ағаш, сыпырғыш.
3-тапсырма. «Менің досым қандай?» сұрағына
жауап беру арқылы сөздерді тізбелеу.
А – ақкөңіл
Н – нәзік
А - ашық
Р - рақымды
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою
арқылы бекіту
V.
Үйге тапсырма
«Көмек» сөзін тәуелдеу.
VІ.
Бағалау бөлімі
Жинаған ұпай сандары бойынша бағалау
VІІ. Сабақты
қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.