Күз кереметі. Жіктік жалғау.
Сабақтың тақырыбы:
Күз кереметі. Жіктік жалғау.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып
бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып,
жіктік
жалғауын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә)
дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық
көзқарастарын
қалыптастыру;
б)
тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: жіктік жалғауын меңгеру,
күз мезгілі туралы өз пікірін айта
білу;
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру
3 – тапсырма.
ІІІ.
Жаңа сабақ
Жаңа сөздер
демалу –
отдыхать
жиналу –
собираться
ерте-рано
тау-гора
өзгерістер –
изменения
денсаулық –
здоровье ( жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау)
1 –
тапсырма. Мәтінді оқып,
мазмұнын айтып беріңдер. Сұрақ құраңдар.
Жіктік
жалғауы бар сөздерді табу.
2 –
тапсырма. Табиғатта болып
жатқан өзгерістер туралы
шағын әңгіме жазыңдар.
3 – тапсырма.
Сурет бойынша 10 сөйлем
құрап жазыңдар.
Екі сөзді құрамына
қарай талдаңдар.
Ережемен жұмыс
Жіктік
жалғауы
І. Мен - мын, -мін, -бын, -бін, - пын, -пін Біз
-мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз
ІІ. Сен – сың,
- сің
Сендер -сыңдар, - сіңдер
Сіз
- сыз, -сіз
Сіздер - сыздар, - сіздер
ІІІ. Ол –ды,
-ді, -ты, -ті Олар - ды, -ді, -ты, -ті
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
Күз туралы
сурет салу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы
бойынша бағалау.
VІІ.
Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.